Аша Матай орысшаға шорқақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Аша Матай шоу-бизнеске алғаш келген сәтінде, қазақ тілінде ойын жеткізуге қиналатын еді. Бүгінде бұлбұлша сайрайтын бикеш, есесіне орысшаға шорқақ болып қалған сынды. Әдетте, камера қосылса ағынан жарылатын әнші, бұл жолы біраааз қиналды.

Аша Матай отандық киноиндустрияның әр жаңалығын жіті бақылайды, әрі тұсауы кесілген картиналардың алғашқы көрермендерінің бірі. Жаңа туынды көңілінен шықса мақтайды, айтар сыны болса түйреп алады. Бірақ, орысша сұхбат кезінде ойын ана-тілінде жеткізуге құлшынып тұрады.

Аша Матай, әнші, тележүргізуші:

-Сыншыл, сыншыл деген қалай болады? Сыншыл көзқарас деген қалай болады? Орысша... сыншыл...

Бүгінде Аша үшін актрисалық мансабы алғашқы орында емес. Бірақ отандық киногерлер Матайды өз картиналарында жиі көргісі келеді екен.

Аша Матай, әнші, тележүргізуші:

-Хотя поступает конечно же какие-либо... Ұсыныстар деген қалай болады? Даа, какие-либо предложения.

Ал, Зарина Омарова керісінше орысша ойлайтын секілді. Сұхбат «тоқал» тақырыбы турасында.

Зарина Омарова, әнші:

-Қазір біреуге екінші әйел болып барсаң, ертеңгі күні қандай «гарантия» дейді ғой. Гарантия қалай? Кепілдік.

Иә, «кепілдік» сөзі екінші мәрте жауап беруге оқталған Омарованың ойына қона қоймады.

Зарина Омарова, әнші:

-Екінші әйел болып барсаң біреудің күйеуіне қандай «кәміл» бар? Кәміл дедің бе? Кепілдік, ойбай масқара! Қайтадан бастайықшы!

Негізі Зарина да, Аша да қос тілді жетік меңгерген. Бірақ бикештердің камера алдында қобалжуы, сол сәттегі көңіл-күйдің әсері ғана. Бұл сөзді өздері де растайды.

Аша Матай, әнші, тележүргізуші:

-Иәә, болып тұрады...