«Щелкунчик» үздіктер көшін бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық прокатқа жол тартып үлгерген тағы бір фэнтези көрермен көңілінен шыққандай. Чайковскийдің балеті негізінде түсірілген - «Шелкунчик және төрт патшалық» фильмі көш басында. Қиял-ғажайыпқа толы лентаға, бәсекелес болған картиналар қандай?

Ticketon.kz сайтының сараптамасы бойынша, үздік үштікте «Робин Гуд: Бастау» фильмі. 27 млн теңгеден астам қаржы жинаған лента, атыс-шабысқа толы. Туған еліне оралатын Робин мен оның сенімді серіктері, Англияны жайлаған сыбайлас жемқорлықпен күреспек. Сарбаздардың басты мақсаты – құпия қарақшыны қолға түсіру. Орта ғасырдағы оқиғаны суреттейтін картинада, нағыз ержүректердің шайқасын көруге болады.

Ральф пен Ванилопа фон Кекстің кезекті хикаясы, 41 млн теңгемен екінші сатыға жайғасты. «Дисней» ұсынған анимациялық туынды – бұл жолы ғаламтор әлеміндегі оқиғалар арқылы өрбімек. Мультфильмді дыбыстауға Галь Гадот, Сара Силверман сынды танымал актрисалар мен әнші Николь Шерзингер өз үлестерін қосқан.

Үздіктер көшін бастаған «Шерткіш және төрт патшалық» фэнтезиі, 43 млн теңге пайдаға кенелді. Қиял-ғажайыпқа толы лентаның сюжеті бойынша, Клара есімді жасөспірім рождество қарсаңында ерекше сыйлық – «сиқырлы кілтке» ие болады. Соның арқасында өзге тылсым әлемнің есігін ашып, патшалықтың ханшайымы атанған ол, енді отанын дұшпаннан қорғауға міндетті.