Q-pop бағытына жаңа қосылғандар

Сообщить о проблеме с эфиром

«Crystalz» тобында өзгеріс! Кью-поп бағытында өнер көрсететін гелзбенд бір мүшесімен қош айтысты. Төрт қыздан тұратын ұжымнан Мак кетуге мәжбүр болған. Бұған арудың денсаулығы себеп болған.

Maк, «Crystalz» тобының экс-мүшесі:

-Топтан кету себебім - ол денсаулықтың кесірінен. Сол үшін топтан кетуге мәжбүр болдым.

«Crystalz» тобының мүшесі – Мак енді сахнаға шықпайды. Таланты қыз өнер жолын аяқтап, енді денсаулығына көңіл бөлмек. Бір жылдан астам тыңдармандарын қуантып келген гелзбенд, үзіліс алуға мәжбүр болды.

Crystalz тобы:

-Негізінде біз қазір көп концерттерге шықпай жүрміз, себебі бізде составте тек қана үш адам. Топ енді толық емес болғандықтан. Біз концерттерге шыға алмаймыз.

Ал жеке дамуды мақсат етіп топтан бөлінген, «экс-Мунлайттық» Эрик Сейдахметов – әннен қол үзген жоқ. «Kyle Ruh» деген лақап атпен шыққан жас әртіс, енді еркіндіктің артықшылығын дәлелдемек.

Kyle Ruh, әнші:

-Жекеге өзім баяғыдан дайындалып жүргем негізі. Жеке мүмкіндіктер иә, көбірек. Өзіңді жан-жағыңнан көрсете аласың.

Күллі кью-поп өкілдерінің басын қосқан Q-fest-те «Juzim» гелзбендінің тұсауы кесілсе, бұрынғы «BN» тобының әншісі Альбина, «Alba» есімімен сахнаға қайта шыққан болатын.

Albina, әнші:

-Мен қазір q-pop бағытында өлең айтамын. Құдай қаласа жақсы жаңалықтар күтіңіздер.

Альбина ғана емес, «Newton» тобының экс-солисі Аян Бекзатхан да, аз уақыт ішінде бейнебаян таспалап, шығармашылық жолда жалғыз жортуға дайын екенін көрсеткен еді.

Кью-поп жанрын насихаттап жүрген өнерпаздар сапына, Айдана Меденованың «Ozge» тобы және «Найти Уандық» Әлемнің экс- ғашығы Riza да қосылды