«Балуан Шолақ» картинасы жарыққа шықты

Сообщить о проблеме с эфиром

Көп картина арасынан суырылып шығып, киноқұмар жандарды таңқалдыруға даяр туындының бірі – «Балуан Шолақ»! Ыстығы басылмаған су жаңа лента, көрерменнің ықыласын қалай жаулап алмақ?

Тұсауы жаңадан кесілген тарихи лента – аты аңызға айналған балуан, әнші әрі композитор Балуан Шолақтың өмірінен сыр шертеді. Екі жылға жуық таспаланған байопиктің сюжеті – қаламгер Дулат Исабековтың сценариі бойынша түсірілген.

Нүргелді Садығұлов, режиссер:

-Дулат ағамызбен біз сценарийден бөлек, актерларды таңдаған кезде, киімдерін, жаңадан құралған диалог таңдаған кезде, және де Дулат ағамыздың өзі алаңға келіп кетіп жүрді.

Өзге жанрдағы картиналарға қарағанда, жауапты тарихи туындыда жауырыны жерге тимеген балуанның образын сомдау – Еркебұлан Дайыровқа тапсырылған. Сері, батыр тұлғаның рөлі үшін – 10 келі салмақ та қосқан екен. Фильмде, актерден өзге, үлкен киноға енді қадам басқан жас актрисалар да бар.

Альбина Шардарова, әнші:

-Ол тарихи фильм болған соң екі есе қиын болды деп айтсам болады. Өйткені бұрынғы замандағы қыздардың кейпін көрсету керек қой көрерменге. Барынша тырыстым.

Сәтін салса, «Балуан Шолақ» лентасы көктемнен бастап үлкен экрандардан көрсетілмек