«Billboard Music Awards» марапаты өз мықтыларын анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Паппараций алдында бой түзеген жұлдыздарды, Биллборд кешінде талай тосынсыйлар күтіп тұрды. Мәселен, екі бірдей жүлдені еншілеу BTS үшін жағымды жаңалық болғаны жасырын емес! Себебі, жігіттер бұған дейін бір мүсіншені де місе тұтатынын айтқан еді.

Billboard Music Award - Billboard музыкалы чартында оза шауып, тыңдалымы жағынан топ жарған нағыз еңбекқор әртістерге берілетін марапат. Мәселен, соның бірі – BTS-тың шығармашылық үшін аянбай тер төгіп жүргеніне ешкім шүбә келтіре қоймас. Корейлік бойзбенд «Үздік топ», «Әлеуметтік желідегі үздік әртіс» жүлделерін иемденді.

«BTS» тобы:

- Бұл бірліктің арқасы! Арми мен BTS біртұтас, келісесіздер ме?

Алайда, жігіттердің жеңісі Дрейкпен салыстырғанды түкке тұрғысыз дерсіз! Хип-хоп орыдаушы айтулы кештен 12 бірдей мүсіншені еншілеп, құшағына сыйдыра алмай қайтты. Оның ішінде «Жыл әртісі» марапаты да бар.

Дрэйк, рэп орындаушы:

-Ерек сезімдемін! Алдымен анама алғыс айтам. Кезінде, мені қаламасам да фортепиано сабағына қатыстырып, мен үшін барын салған еді!

Арулар арасынан триумфатор – Карди Би! Оның «Maroon 5» пен шырқаған «Girls Like You» трегі «ең табысты туынды». Одан бөлек, Карди Би нәзік жандылар арасынан үздік рэп-орындаушысы атанды.

Cardi B, рэп орындаушы:

- Егер сіздің сүйікті әртісіңіз болса, міндетті түрде музыкасын тыңдап, өзгелермен бөлісіп, танылуына септігін тигізіңіз. Бұл әнші үшін еңбегінің бағалануы.

Биллбордың «иконасы» – сөзсіз Мэрая Кэри!

Айтулы кештен жастар да құр алақан қайтпады! Ариана Гранде «үздік әйел орындаушы» атанса, Juice WRLD пен Imagine Dragons та жеңімпаздар қатарында!

Мәртебелі марапатқа қол жеткізе алмағандар да, бұл кеште сахнадан табылған еді. Мадонна мен Малуманың дуэтін, Холзидің әсерлі әнін халық көпке дейін ұмытпасы анық.