Бейнебаян таспалауда кім-кімге жиендік жасап жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жағымсыз пікір жазатындарға арнап жаңа бейнебаян ұсынса да, Меденоваға «хейтерлері» маза берер емес! Енді, көзі қырағы көрермен оның жиендік жасағанын байқап қалса керек. Сонда, бұл қалай болғаны? Мәселенің мән-жайын Айдананың өзінен сұрап көрдік.

Меденова су жаңа бейнебаян ұсынғаны сол-ақ еді, желіде пікірлер қарша борады. «Хейтерлерге» ән арнаған Айдананың «хейтерлері» жоқ екені көпке ұнамаса керек.

Айдана Меденова, әнші:

- Қалай жазса да, хейтерлар бар. Бұл әнмен хейтерларды одан да көбірек жындарына келген сияқтымын. Енді, екіге бөлініп кетті, жақсы пікір де жазып жатыр, жаман пікір де жазып жатыр.

Пікір қалдырушылардың басым бөлігі – әншіні жиендік жасады деп айыптауда. Анығын айтсақ, көпшілік шетелдік орындаушы Will.i.am мен Айдананың бейнебаянында ұқсастық байқаса керек.

Айдана Меденова, әнші:

- Ол екі бейнебаянның айырмашылығы өте көп, оны Мона Лизаның суретін пайдаланған бенйклиптардың барлығын онда плагиат деп атауға болады, қазір Настя Каменскихдің бейнебаяны шығып жатыр екен, онда ол да плагиат. Ол да менен қайталап плагиат жасапты деп айтуға болады. Бірақ та, оның барлығы әртүрлі бейнебаяндар, тек сол кариналардың бейнесін алу.

Сондықтан әнші, өз туындысын плагиат деп атаудан аулақ. Оның үстіне, Меденова бұл бейнебаянды бұрын-соңды байқамағам деп ағынан жарылуда.

Айдана Меденова, әнші:

- Бірақ мен сол бейнебаянды сол бейнебаян түсіріліп болғаннан кейін ғана көрдім, бірақ біздің идеямыз әртүрлі.

Аталмыш жағдайда кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін көрермен өзі шешер. Ал, соңғы кезде Айдана тек тренд қуып кетті дейтіндерге әншінің жағымды жаңалығы бар.

Айдана Меденова, әнші:

- Жүрегім қандай стильде айтқысы келеді, сондай стильде айтамын. Қазір мүмкін бір идеялар болып тұр өзімде. Кішкене қазақы нақышта айтқым келеді. Баяғыдан бар, сол идея, мүмкін параллельно жасаймын бәрін, көреміз.