«Кек алушылар: Соңы» фильмінің жетістігі

Сообщить о проблеме с эфиром

Меденованың бейнебаяны сияқты, «Кек алушылар: Соңы» фильмі де табынушылардың талқысына түсті. Марвель ұсынған фантастикалық лентаның ақырғы бөліміне деген қызығушылық соншалық, тіпті әлем бойынша кассалық рекорд орнатқан.

Суперқаһармандар бас қосқан фильмнің жарық көргеніне бір апта. Картина отандық прокаттан, 87 млн тенгеден аса пайдаға кенелді. Дүние жүзілік кинонарықтан, туынды қоржынына 1,2 млрд доллар түскен. Ал ең қызығы «Кек алушылар» Қытайда өзіндің рекордын жаңартып, бір күндік көрсетілімнен 330 млн жинаған.

Даниэль Йен, актриса, кинопродюсер:

- Менің ойымша Марвел түрлі оқиғаларды бір фильмге тоғыстыра алды. Бұл фильмнің арқасында, Қытайдың киногерлері, нарыққа қалай әсер ету қажет, сапалы дүние шығару сияқты түрлі мәслелерді түсінеді деген сенімдемін.