Қыдырәлі мен Қарақат бес перзентінің біреуін ғана өнерге баптамақ! Жұлдызды өмірге жолдама алған балақай кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бес перзентке өмір сыйлаған Қыдырәлі мен Қарақат, бір ғана баласының өнерді таңдауына рұқсатын беріпті. Бауырларының арасынан топ жарып, жұлдызды өмірді таңдаған қай балақай болды екен? Болашақ әртістің ата-анасы айтады!

Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасында төрт ұл мен бір ханшайым өсіп келеді. Бірақ сахнаға бейімі дәл осы Нұрәли екен. Ортаншы ұлының болмысынан әнге деген құштарлықты байқаған жұлдызды ата-ана, бүгіннен бастап өнерге баптауды құп көреді.

Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:

- Біріншіден ұмтылып тұрғаны сол. Жаттап алатыны сол, әнге жақыны, саханаға жақыны сол. Бірінші концертте де қорықпай шығып, Алла тіл-көзден сақтасын. Іштей сүйсініп те қаласың кәдімгідей аяғы дірілдемей алып шыққанына. Яғни, ол жақындау болып тұр да. Сондықтан, «Болатын баланың бетін қақпа, белін бу» біздің ұстаным!

Бір кездері Шахизада да жалғыз баласынан жұлдыз жасамақ болған. Алайда, әнші бикештің құрған жоспары жүзеге аспапты. Өйткені ұлы Олжас жүрек қалауын таңдаған.

Шахизада, әнші:

- Баланы қинап қайтесің? Егерде балада бір ұмтылысы болмаса өнерге деген. Бір жан-жақты ізденбесе. Сенің айтқаныңмен ғана жүретін болса, оны қинап не істейміз. Өзінің жолы бар шығар. Балам өске келе айтты. Ол сіздің арманыңыз, мақсатыңыз. Ол менің арманым емес еді. сіздің арманыңызбен жүре алмаймын. Менде де арман бар деген сияқты әңгімелестік екеуміз.

Айтпашқы, әйгілі актер Әшімовтің шаңырағындағы кішкентай Асанәлі де ән салуға епті көрінеді. Бірақ аңыз әртістің өнерпаздарға қояр талабы тым қатал.

Асанәлі Әшімов, КСРО Халық әртісі:

- Өнерде болғаннан кейін бірінші болу керек. Ал енді жай әшейін күнкөріспен жүретін болса, мен ондай қаламаймын.