Қапкарашка пен Жанар Хамитованың шығармашылығынан шикілік шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жанар Хамитова осыдан 13 жыл бұрын Қапкарашкамен іске асырған қулығын енді жұртқа жария етті. Әнші қыз «Арнау» тобының алғашқы клипінде ән салғанымен, аталмыш туындыдағы дауыс өзінікі болмай шықты. Жылдар бойы жасырған құпияның құлпын бүгін ашамыз.

«Сенен басқа» - «Арнау» дуэтінің дебьюттық клипі. Бұл бейнебаянда құдды бір Жанар Хамитова ән салғандай көрінгенімен, шындығында қыздың партиясын Динара Сұлтан орындаған екен.

Жанар Хамитова, әнші:

- Жоғары ноталар. Мен мүлдем айта алмадым көп өлеңді. Мен мүлдем әнші емеспін. Сен нотаны ала алмайсың. Динара көмектессін деді. Мен жарайды дедім. Маған ең бастысы клипке түсу керек болды. Көйлек сатып алды ғой. Ол кезде менің шынымен дебьютым еді.

Сейфуллин Жолбарыс, әнші:

- «Сенен басқа» негізі диапазондық та қиын емес. Бірақ Жанарға қиын болған себебі оған екінші дауысты жоғары айтқызған да. Октава жоғары кетіп қалған.

«Сенен басқа» әнінің авторы – Сейфуллин Жолбарыс. Сазгер де «Арнау» дуэтінің құпиясынан бейхабар екен. Бұл туындыны кезінде «СуперстарКз» жобасының финалында Нұржан Керменбаевқа арнайы жазған. Ал, әнді өңдеу барысында құрбысына жәрдем көрсеткен Динара Сұлтан, қазіргі таңда Жанар жайлы жан баласына жақ ашқысы келмейді.

Динара Сұлтан, әнші:

- Жанар туралы ештеңе айтпай-ақ қояйыншы қазір. Жоқ, маған хабарласқан. Мен айттым ешқандай сұхбат, ешқандай пікір білдірмеймін деп. Ренжімеңіз!

Сейфуллин Жолбарыс, әнші:

- Мойындапты ғой! Менің даусым «Сенен басқаның» қайырмасына жетпеді. Сондықтан Динараны шақырдым деп. Оған да рахмет. Ол өзінің айта алмағанын мойындапты. Бірақ жанды дауыстарын естідім. Жап-жақсы дауысы бар.

Хамитова 11 жыл бойы жұрттан жырақта жүрсе де, әнге деген құштарлығы өшпеген. Жанар жақында ғана ұзақ үзілістен кейінгі су жаңа клиптің тұсауын кесті.