Кореяда концерт берген «Найти Уан», жоспарлаған «World-pop music» фестиваліне неге қатыса алмады?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Найти Уан» тобы Корей елін бағындырудан жалығар емес. Мемберлер тіпті дәл осы елдің халқына 3 күндік концерт өткізді. Ресейлік M-band тобымен бірігіп ән сапарға аттанған жігіттер мүлдем жоспарламаған көрінеді. Себебі олар алғашында «World-pop music» фестиваліне қатысуы тиіс еді.

Ninety One тобы:

- Кореяда біз фестивальге барған болатынбыз, ол фестиваль біз барған «World-pop music» фестивалі болмай қалды. Сол жердегі ұйымдастырушыларға байланысты және жалпы сондай келіспеушіліктер болып қалды өздерінің арасында.

Найнти Уанның жоспарлаған дәл осы сапары жүзеге аспаса да, жігіттер қол қусырып отырмады. Бірден Корей елінде концерт беруді жөн көрген мемберлер, ресейлік M-band тобымен бірігіп, 3 күн бойы өнер көрсеткен.

Ninety One тобы:

- Біз сол жерге сахнаға шығу үшін бардық, ән айту үшін бардық өзіміздің адамдарды көру үшін бардық.*Соған қарамастан басқа нәрселер ұйымдастырып өзіміз шыққымыз келді де, сол үшін өзіміз сахналар тауып, өзіміз істеп. Сол жақта шықтық.

Шетелдік тыңдармандардың да жүрегін жаулай алған бойзбенд, «дофамин» альбомының екінші бөлімін жарыққа шығару үшін, қызу жұмысқа кіріскен. Ұжым иглздарды таңқалту мақсатында тыңбай еңбек етуде.

Ninety One тобы:

- Біз дәл қазір кішкене бұрынғы өзіміздің қойған бір планкані кішкене асқымыз келеді ол жерден кеткізімз келеді. Және жаңа дүние істегіміз келіп жатыр. Сол үшін біз қазір, кішкене үнсіздікке кетіп қалдық та.

Ұзақ уақыт көзден таса болуды әдетке айналдырған Найти Уандықтар оның өз сыры бар екенін жеткізді. Таяуда ғана ұжым басшысы Ерболат Беделхан, топтың өзгеріске ұшырайтыны туралы сөз қозғаған еді. Енді жігіттер де продюсердің пікіріне қосылып отыр.

Ninety One тобы:

- Ерболат аға да қатырады бір-екі әңгіме айтып, Найти уанда өзгерістер келе жатыр деп. Алдын ала бізден бұрын айтып қойды. Ия Найти Уанда өзгерістер болады, бірақта дұрыс жағынан, өте күшті жағынан және де сіздер сол нәрсенің куәгері боласыздар деп үмітенем. Бір толқында болып жүре берейік көріскенше сау!