Есболат Беделхан құрған қыздар тобы, шет елдік гелзбендтің көшірмесі ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ордалық» Есболаттың продюсерлік жұмысы алға жылжымай-ақ қойды. Былтыр өзі басқарған «Блэк дайл» бойзбендін жанжалмен таратып тынса, енді таяуда құрған қыздар тобынан шикілік шыққан көрінеді. Қазнеттегі көзі қырағы халықтың пайымдауынша, Беделханның жаңа жобасы – шет елдік ұжымның көшірмесі!

Алғашқыда «айс блу» арулары кью-поп тыңдармандарының таңданысын тудырғанымен, санаулы уақыт өткен соң жанкүйерлердің қуанышы су сепкендей басылды. Фанаттардың күдігін оятқан – плагиат синдромы! Иә, желідегілер Есболаттың жаңа жобасының болмысынан, шет елдік қыздар ұжымына жиендік жасағанын аңғарған.

Көзі қырағы көрермен отандық гелзбенд пен оңтүстік кореялық фх тобының сыртқы стилін және қос ұжымдағы қысқа шашты қыздардың ұқсастығын жарыса жазуда.

Ice blue тобы:

- Бұл образ – менің өмірлік те образым, стилім және де сахналық. Оны бірден келіп «міне, Тэо сен осындай образда боласың, сенің ұстанымың осындай болады деген ешқандай сөздер болмаған.

Жаныма жақын, осылай ыңғайлы. Және де продюсерлеріміз керісінше қуанып, осындай тұлға бар екеніне.

Шет елдік команда 2009-да жарыққа шықса, қазақ қыздары осы жылы ғана дебют алды. Ал, плагиат тақырыбы турасында топ жетекшісінің пікірі қандай?

Есболат Беделхан, продюсер:

- Ән жағынан да, бейнебаян жағынан, сюжет жағынан да әр түрлі ұқсас плагиаттар шыға берсе де, оның ешқандай кемдігі жоқ.

Кіші Беделханның ұжымы қос топтағы ұқсастықты сәйкестікке балайды. Келешекте бұл бұрымдылар өздерін өнерде сан түрлі стильде сынап көрмекші.

Ice blue тобы:

- Бәрін алдағы уақытта көресіздер. Сіздерге ұнайды деген үміттеміз. Біз шыныменде жұмыс үстіндеміз.