Billboard Hot 100

Сообщить о проблеме с эфиром

Жолдыбаевамен жарыса, Шон Мендес пен Эминем де су жаңа тректерін ұсынған еді! Жігіттердің жұмысы бірден Биллборд тізімінің көшінен табылды. Одан өзге, музыкалы чартта қандай жаңалықтар бар?

Майли Сайрустың әкесімен дуэт жазған Lil Nas X-тың бағы жанды! Жас рэпер мен Билли Рэй Сайрустың «Old Town Road» трегі бірнеше апта бойы бірінші! Соған қарағанда, майталман музыкант көп ұзамай өзінің әнші қызына бәсекелес атанатын сыңайлы.

Алайда, бұл орынды көп ұзамай, Шон Мендес иемденуі бек мүмкін! « If I Can't Have You» трегі жарық көре сала, тыңдалымы жағынан алдыңғылардың қатарында. Сезімге ерік беріп, сүйіктісіне ән арнаған өнерпаздың синглы көпке ұнаса керек!

Соңғы кездері жас орындаушылардың көлеңкесінде қалған Тейлор Свифт болса, «ME» трегімен тыңдарманын кері қайтаруға ниетті. Бір тәуліктің ішінде 60 миллион қаралым жинаған бейнебаян, Биллборд чартынан да оңайлықпен түсер емес.

Тэйлор сынды, араға уақыт сала қайта көзге түскен Эминем де белсенді! Аты аңызға айналған рэпер ізбасары Logic –пен бірлесе «Homicide» синглын ұсынады. Трек, музыкалы чарттың бестігін тұйықтайды