Кей-поптағы қылымыстық дау жалғасуда! Big Bang-тегі Сынриға қатысты сот ісі басталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Корейлік Big Bang ұжымына әлемдік чарттардан ойып тұрып орын алу, енді арман! Бойзбендтің басындағы қара бұлт сейілмейінше, шығармашылықты уақытша тоқтатуға мәжбүр. Еске салсақ, күні кеше топтағы Сынриге қылмыстық айып тағылған еді.

Корейлік заң өкілдерінің мәліметінше, өнерпаз шетелдік азаматтарға жеңіл жүрісті қыздардың қызметін ұйымдастырған көрінеді. Алайда, әнші өзінің кінәсіз екенін айтып, жанкүйерлерінің алдында ағынан жарылған. Енді міне, әйгілі әртіс, сот залына шақыртылып, кей-поп өкіліне қатысты істің алғашқы отырысы өтпек.

Қылмысқа қатысы бар деп танылған Сынри, 2006 жылдан бастап Big Bang -те өнер көрсетіп келеді. Атышулы оқиғадан кейін, мембер топтан кететінін мәлімдеген.