Жұлдыздар өзара бәстесті

Сообщить о проблеме с эфиром

Әзілге жақын отандық әншілер болса, бір-бірімен бәстесіп көзге түсті. Тіпті, сөз байласқан өнер өкілдерінің арасында, жеңімпаз атану үшін диетаға отырып, денесіндегі артық түктерден арылғандар да бар екен!

Бәстесемін деп Бүркіт арықтап кеткен! Әншінің айтуынша, достарымен келісімге отыруының мақсаты да сол болған. Нәтижесінде, жеңімпаз атанған ол, әрі қалтасын қалыңдатып, әрі денесін «жұқартып» алды.

Бүркіт, әнші:

- Достармызбен бәстескенбіз. Осыншама, бір айдың ішінде қанша кило арықтаймыз деп. Әрине, әрдайым мен ұтамын. Себебі, мен денсаулығымды жақсы білемін, өзімді-өзім жақсы білемін.

Сәті түссе, Олжас Абай да әзіл үшін бәріне дайын. Алайда, серіге тиімді ұсыныс түспей жүрген көрінеді.

Олжас Абай, әнші, актер:

- Тек ойын ретінде ғана. Я человек авантюрист деген сөз барғой. Біз авантюристпіз. Приключение іздеп жүрміз.

Бір рет бәстесемін деп, аузы күйген Аша Матай ойыннан өрт шығатынына сенімді.

Аша Матай, әнші:

- Жақын арада «Ау жаным» бейнеклипінің алдында Арманмен спорласқан едік. Білулеріңіз бар шығар ол жайлы. Хайпқа айналып кетті ғой ол. Мен жеңіліп қалдым.

Ажырасу туралы жалған ақпарат таратқан жұлдызды жанұя, жақсы немесе жаман пікірдің қайсысы көп болатынына бәстескен. Алайда, хейтерлер жанкүйерлерді басып озған сыңайлы. Бұл идеяның авторы атанған Арман, өмірде де дәл осындай түрлі амалдардың себепкері екен.

Арман Қоңырбаев, әнші:

- Мысалға, ең кішігірім спор ол спорт алаңында деп айтуға болады. Мысалға, тренажерный залда жігіттермен спорласып, мен елу рет отжимание жасай аламын ба деген спор болды. Әрине, мен жеңіп алдым, мен 50 рет отжимание жасай алдым.

Спорт демекші, «Қайрат» футбол командасының жеңісіне бәстескен Марат Оралғазин Луинадан жеңіліп қалған еді. Болжамы дөп түспеген әртіске, сол үшін денесіндегі артық түктерден арылуға тура келді