Айқын Төлепберген алғашқы отбасындағы қызы Асылымның туған күнін ерекше атап өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айқын алғашқы әйелінен бөлек кетсе де, перзенттерімен қарым-қатынасын үзген емес. Күні кеше Төлепбергеннің бірінші шаңырағында шағын мерекелік шоу өтті. Балалар патиінің басты кейіпкері – әншінің кішкентай қызы Асылым!

Асылым Айқынқызы 3 жасқа толды! Жұмыс кестесі тығыз әнші әке, күні кеше шығармашылықты бір шетке ысырған. Мақсаты – кішкентай ханшайымның көңілін көтеру және көптің көкейіндегі күдікті сейілту!

Айқын Төлепберген, әнші:

- Елдер мені «жаман әке» деп есептейді. Бүйтті-сүйтті дейді. Ондай емеспін. Бала-шағам бәрі қасымда. Күніге қасымда. Сондықтан соны көрсеткім келеді. Мен де жақсы әке екенімді көрсеткім келеді. Мен де өзімнің әкелік борышымды атқарып жатырмын. Ешкімнен кем емеспін, артық емеспін деп көрсеткім келеді.

Айқынның ендігі арманы – ұл-қыздарының қарым-қатынасын жақсарту. Жұлдызды әке алғашқы қадамын да жасап үлгерген.

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:

- Жақсы қабылдады. Үлкен ағасы болып, інім деп. Маған ұқсайды деп, жақсы қабақ көрсетіп қабылдады. Қызы кішкентай ғой. Ол әлі түсінбейтін сияқты.

«Кешьюдің» атышулы құрамында ән салған Жұлдыз бен Ақботаның өмірлік ұстанымы ұқсас болып шықты!

Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:

- Неге араластырмасқа? Мен оның балаларын, өзімнің балаларына жау қылғым келмейді немесе менің балаларымды оның балаларына жау қылғым келмейді.

Айдарқұлов та балаларына үлгі болуды мақсат етеді. Актер, алғашқы отбасындағы ұлы мен қос қызының меншікті мерекесінде де әрдайым қастарынан табылады.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

- Балалармен кішкене қыдырып, Аяжанның туған күнін кішігірім тойлап, сондай бір қызық жағдайлар болған. Жиі кездесіп тұрамыз. Қазір енді жаз мезгілінде одан да көп кездесіп тұрамыз деп айтса болады!

Бүгінде Дәурен мен Ақботаның ортақ некесінен ұлы мен қызы бар, Ал Айқын мен Жұлдыз екінші сәбиін күтіп жүр.