Ким Кардашьянның 5-жасар қызы желі жұлдызына айналды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ким Кардашьянның кестетігері көп ұзамай анасының орнын басатын сыңайлы! Арудың 5-жасар қызы Норт бейнебаян ұсынып, желі жұлдызына айналды. Тіпті, кішкентай өнерпаздың жұмысына әйгілі рэперлер де оң баға беріп жатыр.

Кішкентай бүлдірішіннің қатысуымен таспаланған видео, Кимнің жеке парақшасына жүктелді. Онда балақай «Old Town Road» трегіне камера алдында құмары қанғанша би билейді. Нордтың бейнебаяны көпке ұнағаны соншалық, алғашқы 10-сағатында-ақ 13 миллион қаралым жинады. Тіпті, туындыға тректің авторы Lil Nas X-те лүпілін басқан.

Ариана Гранде темір торға тоғытылуы мүмкін! Әйгілі әншіні паппарацци өкілі сотқа бермек! Айыптаушы Роберт Барбер аруды кезінде тосыннан суретке түсірген көрінеді. Кейін ол фотоны өнерпаз желіге автордың рұқсатынсыз жарияласа керек. Енді, жас орындаушы бұл қылығы үшін 25 мың доллар өтемақы төлеуі әбден мүмкін!

Күні кеше Канн қаласына табан тіреген Ева Лонгория, кішкентай балдырғанымен көзге түсті! Әйгілі актриса, әйгілі фестивальге бөбегін ерте келгені белгілі болды. Қызыл кілемде төбе көрсете салып, сәбиімен жағалауға аттанған бикештің желідегі суреттері, жанкүйерлерін елжіретті