«MadMen» тобы Корей президентінің алдында өнер көрсетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

«MadMen» тобы Корей президентінің алдында өнер көрсетті! Алайда жігіттерге өз репертуарындағы туындыларын емес, әйгілі BTS-тің әнін орындау бұйырған. Дәл осы концерт жайлы өнерпаздар өздері айтып берсін.

MadMen тобы:

- Біз корей елінің президентінің алдында өнер көрсеткен болатынбыз. Бірақ та біз өзіміздің, әндерімізбен емес, кей-поп кавер БТС-қа жасаған болатынбыз. Барлығы ойлайды біз Кореяға барып келді деп, біз барған жоқпыз, сол Корей елінің презденті осы Алматыға келіп сол жерде өнер көрсеткен болатын.

Есімдері күллі әлемге танылған «BTS» тобының трегін орындау, «MadMen» тобына қиынға соқпаған. Өнерпаздар, шетелдік әріптестерінің әндерін шырқау – біз үшін құрмет, деп отыр.

MadMen тобы:

- Көбісі айтып жатқан не үшін, өздеріңінің әндерміңмен шыққан жоқсыңдар деген сияқты әңгімелер болды. Бұл да тұрған ешнәрсе жоқ деп ойлаймын, себебі әрбір әртіс әлемдік деңгейдегі әртістер барлығы өзінің концерттерінде бір кавер жасайды. Басқа бір жұлдыздардың әндеріне немесе биіне.

«MadMen» сүйікті толқындарын да ұмыт қалдырмайды. Жігіттер таяуда ғана тыңдармандарына арнап, «Ulala» әніне бейнебаян таспалаған еді. Қырғызстанда түсірілген клиптің сәтті шығуы үшін, мемберлер түрлі келеңсіз жайттарға тап болған.

MadMen тобы:

- Бейнебаянды біз Бішкек қаласында түсірген болатынбыз. Жалпы бейнебаян түсірілім барысында ешқандай қиындықтар болған жоқ. Тек қана, дизайнермен бір кішігірім кикілжіңдер болып қалды және де Арэнның соңғы би частында, сол жерінде ғана суық болған кәдімгідей.

Жуырда ғана жарық көрген туынды көптің көңілінен шыққаны анық.

Бүгінде бейнебаян «Youtube» желісінде 1 млн-нан аса қаралым жинап үлгерді.