DJ Khaled бір күнде бес бейнебаянын жарыққа шығарды

Сообщить о проблеме с эфиром

DJ Khaled бір күнде бес бірдей бейнебаянының тұсауын кесіп, айды аспанға бір-ақ шығарды! Хип-хоп орындаушы мұндай жомарттықты су жаңа жинағының құрметіне жасап отыр. Тіпті, туындылар жарыққа шыққан бойда, рэпердың тыңдармандары қай видеоны көрерін білмей дал болған сыңайлы.

Жаңадан жарық көрген «Father of Asahd» яғни, «Асадтың әкесі» атты альбом DJ Khaled-тың 11-ші жұмысы. Жинақтың сыртында хип-хоп орындаушы мен атұстарының суреті бейнеленген. Онда рэпердің Карди Би, 21 Savage, Лил Уэйн, SZA, Post Malone, Трэвис Скотт пен Джей-Зи сынды өнерпаздармен құрған дуэттері жетерлік