Джастин Бибер мен Эд Ширанның бейнебаяны көпшіліктің талқысына түсті!

Сообщить о проблеме с эфиром

DJ Khaled-тің өнердегі әріптестері Джастин Бибер мен Ед Ширан бірлесе шырқаған трекке бейнебаян таспалады. Түрлі образдармен ерекшеленген қос музыканттың ортақ клипі, тыңдармандар арасында қызу пікір-талас тудырды.

Джастин Бибердің ұзақ үзілістен кейін жарық көрген «I Don’t Care» туындысы, бірден 30 млн-ға жуық қаралым жинаған. Ед Ширанмен дуэт ұсынған сері, тыңдармандарына көңіл-күй сыйлағандай. Себебі жігіттердің видеоларында түрлі қызықты әрі күлкілі образдарды байқауға болады.

Скарлетт Йоханссон қалыңдық атанды. Актрисаға сүйіктісі Колин Жост тұрмысқа шығуға ұсыныс білдірген. Қуанышты жаңалықпен қос жұлдыздың жақындары бөлісті. Колин үшін бұл отау алғашқы болса, Скарлет үшінші мәрте шаңырақ көтермек. Бикеш бұған дейін актер Райан Рейнольдс және журналист Ромен Дорикомның ресми жұбайы болған еді.

Роберт Паттинсон жаңа бэтмен болуы әбден мүмкін. Әйгілі «Variety» басылымы актердың дәл осы рөлге келісімін бергенін жеткізді. «Warner Bros» кинокомпаниясы болса, суперқаһарманның образына Роберт пен Николас Холттың бірін таңдамақ. Ал Режиссер Мэтт Ривз басшылық ететін фантастикалық туындының түсірілімі тек 2020 жылы басталады.