Айбек Байназаров бейнебаян түсірді

Сообщить о проблеме с эфиром

Крис Браун мен Ники Минаж сынды, көп ұзамай Айбаның да бейнебаяны қызу талқыға түсуі мүмкін! Жаңашыл орындаушы, тағы бір туындынысын ұсынбақ. Мұндай видео елімізде бұрын-соңды болмаған дейді әнші.

Тыңдармандар арасында Ayba есімімен жақсы таныс, сырт-келбеті Майкл Джексонға ұқсас Айбек Байназаровты қалалық жерасты тұрақтарының бірінен тауып алдық. Өнер иесі, дәл осындай ерекше локацияда кезекті бейнебаянын таспалауға кіріскен.

AYBA, әнші:

- Бейнебаянға дайындық ұзақ жүрді, 1,5 айдың ішінде дайындалдық. Өйткені, бұл бейнебаян Гетсби стилінде болғаннан кейін, бізге әрбір декорация, киімдерді іздеуде ұзақ дайындық керек болды.

Еске салсақ, Айбектің ең соңғы туындысы осыдан бір жыл бұрын жарық көрген еді. Хоррор бағытында түсірілген бейнебаян тың идея мен сапасы жағынан бірден көпшілікке ұнады.

AYBA, әнші:

- Мен бір шешім қабылдадым, мен түсірсем сапалы дүние істеймін деп. Сол сияқты әр бейнбеаянның өзін түсіру оңай емес. Ол қаншама қаражатты қажет етеді.

Сондықтан да, халық алдына қайта оралу үшін әншіге біраз уақыт қажет болған. Әннен бастап, бейнебаянның қандай болатынына дейін асықпай ақылға салу керек дейді ол. Ал, таспаланып жатқан туындының бағыты Айбектің айтуынша, тыңдарманы үшін мүлде жат.

AYBA, әнші:

- Бұл бейнебаянда поп-фанк жанрында болады. Сол себептен біз Орда тобының мүшесін қонаққа шақырдық. Ол кісінің есімін айтпай-ақ қояйын. Өйткені бұл бейнебаян құпия болсын.

Ерболат немесе Есболат Беделхан? Әлде, Дастан Оразбеков пе? Бұл сұрақтың жауабын Айбектің адал жанкүйерлері бір айдан соң білетін болады.