Жұлдызды look! Арман жұбайы Ашаның кеңесіне неге құлақ аспайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық жұлдыздар арасында стильді киіну үшін, арнайы мамандардың көмегіне жүгінетіндер бар көрінеді. Солардың бірі – Аша Матай. Себебі әнші қыз жақындарымен ақылдасудан бас тартқан. Тіпті жұбайы Арманның да пікірі маңызды емес дейді.

Әр образын таңдап, талғап киетін Аша Матай, тренд қуаламаса да, мамандардың кеңесінен бас тартпайды. Жұрт назарында жүрген әнші, көпке үлгі бола білу қажет деп отыр.

Аша Матай, әнші, тележүргізуші:

- Негізі тренд қуаламаймын. Бірден айтып қояйын, өзімнің вкусым бар және де өзімнің құрбым Айжан Бегасыл стилистіммен ақылдасамын қашан да. Ол қыздың вкусы енді ерекше ғой, өздеріңіз байқаған шығарсыздар. Барлығы өзімнің дене-бітіміне сай болса болғаны.

Ашаның образ таңдауына жақын құрбылары көмектессе, жұбайы Арман мүлдем араласпайтын көрінеді. Жұлдызды жұп, стиль жөнінде бір-біріне ақыл айтудан аулақ.

Аша Матай, әнші, тележүргізуші:

- Ол рас. Арман менен кеңес сұрамайды, расыменен. Сұрағанның өзінде де мен таңдағанды кимейді, басқасын таңдайды.

Арман Қоңырбаев, Mysterions тобының әншісі:

- 100 пайыз өзім таңдаймын, Ашада 100 пайыз өзі таңдайды. Кеңес сұрамаймыз. Өйткені мен оның маманы емеспін, өйткен оған кеңес айта алмаймын.

Арман мен Аша стильді әрі сәнді киінуде бір-біріне еркіндік берген. Ал таяуда ғана үйленген Бауыржан Сатов, жұбайы Альбина Шардарованың талғамына сенемін деп отыр.

Бауыржан Сатов, актер:

- Әрине келіншегімен сұраймын. Бір жерге шығатын болсам қалай жараса ма деймін, келіншегім өз ойын айтады, жарасады дейді, болмаса жараспайды ауыстырып киіңіз деп айтады, міндетті түрде кеңесу керек.

Жұлдызды жұптардың айтуынша, соңғы сән үлгісін аңдымай-ақ заман талабына сай, стильді киінуге де болады.