Қызыл кілемде – Джулиана Мур! Канн фестивалінің қызықтары жалғасуда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл қарқынмен, көп ұзамай Ақан Сатаев Канн-ның қызыл кілемінен табылады деп үміттенеміз. Ал, әзірге арнайы жолақты Джулиана Мур меншіктеді. Оскар иегері, фестивальге ерек тақырыптағы деректі картинасын ала келген.

Джулиана Мур биылғы Канн фестивалінің қызыл кілеміне алғаш рет шыққан жоқ. Осыған дейін, арнаулы жолақ бойымен тек қонақ ретінде жүріп өткен ол, бүгінгі кеште тың туындысын таныстырмақ.

Оскар иегерінің «5B» фильмінің режиссерларын қолдап, картинаның дүниеге келуіне атсалысуы бекер емес. Себебі, деректі лента СПИД-ке шалдыққан жандар мен олардың күтушілері туралы сыр шертеді. Айықпас дерт салдарынан жақынын жоғалтқан жұлдыз, киногерлердің көмегін міндет санапты.

Джулианна Мур, актриса:

- Лентадағы оқиғалар, кезінде басымнан өткен жағдайды еске салады. Менің ең жақын досым болатын. Ол да, қатты ауырып, көз жұмған еді. Меніңше, мұндай фильмдер көрсетілуі тиіс.

Есесіне, ерек құрметке масаттанған Ален Делон өзгелерді ойлайтын күйде емес! 72-рет ұйымдастырылып отырған Канн кинофестивалі француздық актерді «Алтын пальма бұтағымен» марапаттады. Бұл мәртебе майталман киногердің 60 жылдық мансабының құрметіне табысталған еді.

Ален Делон, актер:

- Мен бұл жолы оңайлықпен жүріп өттім десем, өтірік болар. Бүгінгі жетістікке жету, талай жылдың, еңбектің нәтижесі. Барша жанкүйерлерім мен көрерменге алғыс айтамын