Қырықта қылық шығарды! Айгүл Иманбаеваның жұрттан жасырған жігіті кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Иманбаева дәл қазір махаббат хикаясын бастан өткеріп жүргенге ұқсайды. Әсіресе, жас жігітпен қол ұстасқан мына суреті қазнеттің қызу талқысында. Айтпақшы, қырықтан асқан шағында қылық шығарған Айгүлдің бұл бірінші әрекеті емес.

Айгүл соңғы клипінің сюжетінде сүйіктісімен шет елді шарласа, бейнебаян желісі өмірде де айна-қатесіз қайталанған сияқты. Әнші таяу күндері бейтаныс жігітпен түскен суретін желіге жүктеп, оқырмандарын бір қызықтырып қойды.

Айгүл Иманбаева, әнші, актриса:

- Мен назар аудартайын деп істеп жүрген жоқпын. Бір хайп жасайын деген менің жалпы стилімде жоқ адаммын. Өз жөнімменен өмір сүріп жүре беретін адаммын ғой.

Осыдан бірнеше ай бұрын жұлдызды патилердің бірінде Азамат Сатыбалдымен бидің түбін түсірген бикеш, халықтың назарына тағы бір мәрте іліккен-ді!

Айгүл Иманбаева, әнші, актриса:

- Бір-біріміздің қуанышымызда билеп, бір-біріміздің шашбауымызды көтеріп, қуанышымызға шын ортақтасып бөлісу деген сол шығар. Ол жерде күліп-ойнамағаннан кейін несіне той, несіне қуаныш деп ойлаймын да!

Тіпті, Азамат пен Айгүлді желідегі жұрт әлдеқашан жұптастырып үлгерген.

Азамат Сатыбалды, актер:

- Біз үйреніп қалдық. Оның үстіне ел солай айтады, солай жазады. Айтқысы келгендер айта берсін, жазғысы келгендер жаза берсін. Біз өзімізге бір-бірімізге сенімдіміз ғой. Айгүл менің досым екенін білемін. Мен оған доспын, ол маған дос. Екеуміз тіпті отбасымызбен араласып кеткен адамдармыз. Сондықтан да онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын.

Иманбаева өз ортасында барынша емін-еркін жүргенімен, жұмысқа келгенде өте талапшыл екенін айтады.

Айгүл Иманбаева, әнші, актриса:

- Өзіңнің ортаңда... Біз онсызда аз кездесеміз. Мына концертке кездескенде ойлайсыздар, күнде бір араласып, шәй ішіп, шүйіркелесіп деп. Жоқ, бәрі сахна сыртындағы жұмысымыздың стилі осындай. Қалайсың деп бір амандасып үлгереміз.

Жеке өмірінде жағымды жаңалықты жақын күндері хабарлап, халықтан сүйінші сұраса, таң қалмаңыз!