Еуразия Медиа Форумы ресми түрде өз шымылдығын түрді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлеуметте белсенді Приянка Чопраға Қазақстанға келсе артық етпес! Алматыда актриса сынды қоғамдық мәселелерге бейжай қарай алмайтын журналистер мен кино, саясат өкілдерінің басын қосқан Еуразиялық Медиа Форум өз шымылдығын түрді!

«Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы». Саясат пен журналистика майталмандарының басын қосқан XVI Еуразиялық медиа форумда, үш күн қатарынан осы тақырып талқыға түспек. Айтулы шараның шымылдығын, Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ресми түрде түрді.

Кейіннен, форумның ашылу салтанатында сөз тізгінін Бауыржан Байбек алды. Алматы қаласының әкімі күллі журналистерді бір шаңырақ астына жинаудың өте маңызды екені баса айтып өтті.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Масс-медиа өмірдің журналистер арқылы ұсынылған көрінісі ғана емес, сонымен бірге ол қоғам өмірін бағыттауға, жаңа қарым-қатынас мәдениет қалыптастыруға да ықпал ететін аса-қуатты ақпараттық институт.

Халықаралық геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері талқыға түсетін алаң, биыл 43 елден келген 500-ге жуық сарапшының басын қосты. Олардың арасында мемелекет басшылары да бар. Мәселен, Армения Республикасының президенті Армен Саркисян пікір-талас барысында бүгінгі қоғамға қатысты өз пікірін ортаға салды.

Армен Саркисян, Армения президенті:

- Жаңа технологиялар болашақта өміріміздің бір бөлшегіне айналады. Соған сай, медиа саласы да өзгереді. Бүгіннің өзінде, қолыңыздағы мына телефон өміріңізге айналды емес пе?

Осылайша, түйіткілді мәселелерді талқыға алған Еуразиялық медиа форум ертең де өз жалғасын таппақ.