Алты жылдан кейін қайта оралған «Jonas Brothers» тобы үнтаспа әзірлеуде!

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық «Jonas Brothers» тобы араға алты жыл салып тыңдармандармен қайта қауышқан еді. Үш ағайындыдан құралған рок-ұжым, енді су жаңа альбом ұсынбақ. Бір қызығы, бұл үнтаспа бойзбенд тарамай тұрып жарыққа шығуы тиіс еді.

Дәл осы «Sucker» әнімен камбэк жасаған «Jonas Brothers» ұжымы, тыңдарманының жүрегін қайта жаулады.

«Jonas Brothers» тобына деген қызығушылық, ұжым мүшелерінің шаңырақ көтергенінен кейін басталған. Еске салсақ, өткен жылдың соңында ғана Ник Джонас сүйіктісі Приянка Чопраға үйленген еді. Енді таяуда ғана ұжымның ортаншысы Джо да ғашығы Софи Тернермен заңды түрде некелесті.

Шығармашылықты шыңдап қолға алған музыканттар 2013 жылы уәде етілген альбомын енді жарыққа шығармақ. «Happiness Begins» атауына ие болған өнерпаздардың бесінші жинағы, басы-қасы 12 тректен тұрады. Джонастар әулетінің серілері бұл үнтаспаның тұсауын 7-ші маусымда кеседі.