Харви Вайнштейннің дауы жалғасуда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Арулардың ар-намысын таптады деп айыпталған танымал кинопродюсерге қатысты кезекті сот отырысы өтті. Алайда, Харви жазадан сытылып кетпек ниетте, жәбірленушілерді «сатып алмақ» болған.

Харвидің сорақы қылықтарының кезектісі әшкереленді. Продюсер өзіне айып таққан бикештерге 30 млн доллардан өтемақы бермек болған. Осылайша олармен ортақ мәмілеге келуді қалаған Вайнштейн, өзінің экс-компаниясының мүшелерінен де кешірім сұраған екен. Бірақ, оның бұл ұсынысын құп көріп, айдауына жүруге көндіккен жәбірленушілер табыла қойған жоқ.

Эд Ширан тыңдармандарына ерекше үнтаспа ұсынбақ. Британдық музыканттың кезекті әнжинағы дуэттерден тұрады. «No.6 Collaborations Project» атауына ие болған альбомға 15 туынды енген. Өнерпаз су жаңа еңбегін 12 - маусым күні жарыққа шығарады.

«Spice Girls» тобы көптен күткен әлемдік турнесін бастады. Талай жылдан кейін қайта табысқан әйгілі гелзбенд, бұл ән сапарға 7 ай бойы дайындалған еді. Дублин шаһарындағы бұл концерт Виктория Бекхэмсіз өтті. Себебі, танымал дизайнер жұлдызын жаққан ұжымға оралудан бірден бас тартқан-ды.