Louis Vuitton және Рианна! Әйгілі әнші сылқымдарға арналған тың топтамасын таныстырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Рианнаға сахнада ғана сауық-сайран құру аздық етеді! Сондықтан, бикештің жаһандық фэшн өндіріске ауыз салғаны қашан! Бұл жолы - Louis Vuitton-мен коллаборация құрды.

Париж шаһарында тұсауы кесілген бұл үлгілер «Fenty» атауына ие болған. Жұлдызды каллобарация Louis Vuitton-ның өзге өнімдеріне қарағанда, едәуір арзанырақ көрінеді. Мәселен, көйлектің құны 600 бен 800 еуро аралығында болса, аяқ-киім бағасы 500 еуродан басталады.

Рианна, әнші:

- «Фенти» үлігісінің тұтынушысы сан қырлы, көңіл-күйіне қарай киінетін әйел. Louis Vuitton-мен бірге жұмыс істеу мен үшін үлкен мүмкіндік. Себебі, бұрын-соңды дәл осындай жоғарғы деңгейдегі брендтпен серіктестік жасап көрмегенмін.