Америкалық әнші Тейлор Свифт енді өз қарым-қабілетін киноөндірісте сынап көрмек.

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық әнші Тейлор Свит енді өз қарым-қабілетін киноөндірісте сынап көрмек. «Мысықтар» мюзиклінде басты рөлге бекітілген сылқым, Леди Гага сияқты «Оскар» -дан дәмелі.

Тейлор Свифт кино әлеміне қадам баспас бұрын, төрт ай би үйірмесінде рөліне машықтанды. Сылқым Идрис Эльба, Иэн МакКеллен сынды азулы актерлармен бір түсірілім алаңында жұмыс істейді. Мюзикл жанрында таспаланып жатқан лентада Тейлордың жан-жақты өнеріне куә боламыз. Картина 2020 жылы үлкен экрандарға жол тартады деп жоспарланып отыр.

Ал, Дэниэл Крэйгтің күні қараң. Актер бірер апта бұрын «Бонд 25» картинасының түсірілімі кезінде ауыр жарақаттанып қалған-ды. Аяғының сүйегі сынғанын сол сәтте хабарлағанбыз. Енді дерті асқынып, бүгін шұғыл ота жасалған. Нәтижесінде, жоба Дэниелдің денсаулығы түзелгенше, біраз уақытқа тоқтатылды.

Ким Кардашьян мен Канье Уэст үй қызметкерлеріне біраз шығындалатын көрінеді. Жұлдызды жұп төрт бірдей балаларының күтушілеріне жылына 1,5 млн АҚШ долларын жұмсайды. Атышулы сәнбике тіпті жаңа туған сәбиі Псалмды бағатын 3 маман жалдаған көрінеді. Сонымен қатар, Канье әрбір бүлдіршініне бірнеше оққағардан да тағайындаған.