Әйгілі «Тақтар ойыны» телехикаясының соңғы бөлімін, актерлық құрам қалай қабылдады?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Тақтар ойыны» фанаттарына арналған деректі фильм жарық көрді. Әйгілі телехикая авторлары, кадрдан тыс оқиғаларды бір туындыға топтастырған. Көрерменнің көңілін қалдырған соңғы бөлімнің сценарийі де осында қызу талқыланады.

Жаһан жұртшылығы жапа-тармағай тамашалаған телехикаяның жасалу кезеңін көпшілікке британдық режиссер Джини Финли көрсетті. Киногер 8-ші маусымның түсірілім жұмыстарын бастан-аяқ қалт жібермей, таспаға тартып отырған.

HBO арнасы ұсынған фэнтезидің кадрдан тыс қызықтары баяндалатын деректі фильм 2 сағатқа созылады. Алайда телехикая түсірілімінен бұрын, актерлық құрамның сценарийге деген реакциясы көпшілікті қызықтырған.

Туынды авторлары Бениофф және Уайсстың шешімі, басты кейіпкерлер Джон Сноу мен Дейенерис Таргариенге тосын сый болғаны анық. Себебі Джон сүйіктісін өлтіруі тиіс. Бұл жаңалықты естіген сәтте актер тіпті көз жасына ерік берген.

Исландияда таспаланған сериалдың локациясы 7 ай бойы әзірленсе керек. Ал телехикаяның бір бөлімінің құны - 15 млн АҚШ долларын құрайды. Енді Джордж Мартиннің қиял-ғажайыптан туған туындысына арналған спин-офф таспаланбақ. Жоба продюсерінің айтуыныша ол «Тақтар ойынына» дейінгі оқиғаны баяндайды.