Биллборд

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, музыка әлемінде бұрын соңды болмаған дүмпу орын алды! Себебі, хип-хоп орындаушы Tyler, The Creator жаңа үнтаспасымен «Биллборд» тізімінің көшін бастады! Мұндай сүйінші хабарды естіген рэпер, көз жасын көл қылуға да қымсынбады!

Тайлер - альбомын толықтай өзі күшімен дүниеге әкеліп, Биллборд чартына іліккен тарихтағы тұңғыш хип-хоп әртіс. Мұндай жаңалық музыка сыншыларын таңқалдырғаны сөзсіз. Сүйінші хабар рэп орындаушысының жан дүниесінде «төңкеріс» тудырған сыңайлы. Толғанысын жасыра алмаған жұлдыз, желіге жылап отырған видеосын жүктеді.

Ал, біраз басылымның талқысына түскен «IGOR» жинағына келер болсақ, ол «Flowerboy» альбомының жалғасы саналады. Онда рэп әдеттегіден азырақ, есесіне әуенде жаңашылдық байқалады. Он тректен тұратын туынды «сүйіктісімен ажырасу» тақырыбында.

Бір күнде бес бірдей бейнебаян мен альбомын халыққа ұсынып, айды аспаннан бірақ шығарған DJ Khaled бұл тізімде екінші! Өнерпаздың ұлына арнаған «Father of Asahd» альбомын жакүйерлері таласа сатып алуда.

Үздіктер үштігін «Free Spirit» жинағымен Халид тұйықтайды! Әншінің осы орынға тұрақтағанына біраз болды! Еске салсақ, бұл Грэмми марапаты иегерінің екінші студиялық альбомы.