Аша Матайдың жыртық шалбары трендте емес! Сылқым сәнгерлердің сынына ұшырады.

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық дизайнерлер, жаздың сәнге кірмейтін киімдерін атады! Мамандардың пікірінше шоу-бизнес жұлдыздарыныың өзі трендтен қалып қойған. Тіпті жыртық шалбар киетін Аша Матайдың таңдауы осы жылы мүлдем орынсыз көрінеді.

Аша Матай, Лидо және Балжан Бидаш сынды сылқымдар құмартып киетін жыртық шалбарлар кешегі күннің трендтері еншісінде. Өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген дизайнер Камила Курбани мұндай джинсыды гардеробтан мүлдем алып тастауға кеңес береді.

Камила Курбани, сәнгер:

-Менің ойымша шалбарларды әсірелеп жыртып киюдің қажеті жоқ. Ол біріншіден сәннен қалып қойған, екіншіден тым артық. Әр уақыттың өз сұранысы бар, оны да ұмытпау қажет.

Тағы бір сән саласының өкілі Алексей Чжен фейк киюден аулақ болуға шақырады. «Аузын айға білеген» брендтердің логотипі бар көшірме дүниелерді кию – сізді сәнді бикештер тізімінен сызып тастайды.

Алексей Чжен, сәнгер:

- Антитренді тек осы жылы ғана емес, алдағы уақытқа да айтайын, ол – лукомания. Көпшіліктің бренд атауын үлкен логотиппен көрсетіп мақтануы. Мүмкін ол олардың ішкі комплексімен байланысты шығар білмеймін, бірақ ол дұрыс емес.

Экс-Джейрандық Алтынай Жолдыбаеваның пікірінше бұл жазда биік тақалы аяқ киім кию – анти тренд. Өнерде де, өмірде де стильді әнші қыз үшін әр уақыттың талабына сай киіну маңызды.

Алтынай Жолдыбаева, «Джейран» тобының экс-әншісі:

- Осы жылы, үлкен тақадағы, туфлилар немесе басқа да аяқ-киімдер қазір тренде емес. Қазір трендте мынандай кішігірім тақа, өте ыңғайлы, өте әдемі. Жабысып тұратын шалбарлар қазір сәнде емес. Оған да көңіл бөлу керек.

Талғамға талас жоқ! Дегенмен, мамандар кеңесінен өзіңізге қажеттісін түртіп алдыңыз деп сенеміз.