Жұлдыздар гаджеттердің салдарынан ойлау қабілетіміз кеміп жатыр деп дабыл қағуда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сұхбат бергенде сөзін ұмытқан отандық жұлдыздар, ақылсыз болып бара жатқандарын айтып ағынан жарылды! Өнер өкілдерінің мәлімдеуінше, бәріне себеп – гаджеттер екен. Соған қарамастан, Динара Сұлтан әлі де олардан бас тартпаймын деп отыр!

«Digital dementia» - яғни «сандық ақылсыздық»! Бұл бүгінгінің дерті дейді ғалымдар. Қазіргі қоғамда түрлі технологиялар мен гаджеттердің, одан қалды қосымшаларға «арқа сүйеп» алған адамдар өз еркімен ойланудан қалған. Бұл жағдай отандық жұлдыздарды да қатты алаңдатуда.

Данияр Өтеген, «RinGo» тобының әншісі:

-Күнде гаджеттарды қолданып, оқуында да, бүкіл өмірінде қолдана берсе, шынымен де адамның өзінің ойлау қабілеті түседі. Себебі, өзі ойламайды, өзі санамайды. Мысалы, калькулятор шыққалы бері ешкім ойында санамайды. Ол әрине ой-сананы арқа шектейді.

Мәселен, асылдық Ақерке Бүркітбай қандай-да бір сауал туындай қалса, «гуглға» үңілетіндер қатарында.

Ақерке Бүркітбай, «Assyl» тобының әншісі:

- Бір сұрақтар туындаса өмірлік туралы, немесе кітаптарды іздеймін. Кітаптардың мысалы, телефон арқылы біраз нәрсе тапсырыс беруге болады.

Динара Сұлтан, әнші:

- Кейбірде бірнәрселерді білмей қалған кезде, өте жақсы көмек. Жаңағы әлеуметтік желілер. Гугл дейді, тағы басқа. Қазір көпқой. Карта туралы да айтса кетсем, мен үшін ол жүргізушілерге жақсы көмек.

Ой-өрісімізге кері әсерін тигізсе де, әзірге жаңа технологиялардан бас тарта алмаймыз деп отыр жұлдыздар. Ал, мүлде ақылсыз болып қалмау үшін, актер Дәурен Серғазин өз ұсынысын айтты.

Дәурен Серғазин, актер:

- Пьеса жаттаймыз, өлең жаттаймыз, ылғи да өзіңнің миыңды, есте сақтау қабілетін формада ұстап тұру үшін әр уақытта бірнәрсені жаттап жүреміз. Ал, басқа адамдар ондай нәрсе жасамаса, мысалы кітап оқымаса оған толығымен сіңіп кетуі мүмкін.

«Сондықтан, да телефонға телміре бергенше, бір сәт айналамызға да көз жүгіртейік» дейді жұлдыздар.