«Кек алушылардың» бірі Скарлетт Йоханссонға арналған жеке фильм қашан жарық көрмек?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Marvel» фанаттарына қуанышты жаңалық! Әйгілі «Кек алушылардың» бірі – Скарлетт Йоханссонға арналған фильм қолға алынды. Жоба авторларының айтуынша суперқаһармандар арасында жүрген ресейлік тыңшының оқиғасы көпті әлі де қызықтырады.

Норвегия қаласында таспаланып жатқан жоба орыс қызы Наташа Романованың жеке хикаясын баяндайды. Лента «Кек алушылар: Соңы» туындысының приквелі саналады. Себебі, аталмыш картинада бикеш қаза тауып, көрерменмен қош айтысқан-ды.

Туындының режиссерлық тізгіні Кейт Шортландтың қолында. Киногер фильмге Эмма Уотсон, Клинт Бартон сынды актерларлық құрам жасақтамақ. Ал, «Қара жесірдің» тұсауы 2020-шы жылы кесіледі деп күтілуде.