Ұлымнан аулақ жүр! Меган Маркл неге әкесімен араласпайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отбасымнан да, ұлымнан да аулақ жүр! Ашуға мінген Меган Маркл туған әкемді енді «желкемнің шұқыры көрсін» деп отыр! Герцогиня мұндай ауыр шешімді, Томас Марклдың миға қонымсыз қылығынан соң қабылдауға мәжбүр болған. Әкесіз өткен жексенбіде таблоидтардың біріне сұқбат беріп, қызы мен күйеубаласын екі жүзді деп айыптағанды.

Леонардо Ди Каприо өзінің жаңа ғашығы жайлы бірде-бір басылымға жақ ашпағанды. Дегенмен, папарации мүлгімейді. Серіні Малибу жағажайларының бірінен таспаға тартып алған. Жалғыз емес әрине. 22 жастағы сәнбике Камилла Маррономен бірге. Олардың махаббат хикаяларының басталғанына біраз уақыт болған. Тіпті, Лео сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап үлгерді деген сыбыс та бар.

Джастин Бибер де өміріндегі екінші шаңырақ көтеру салтанатына әзірлікті бастады. Бұған дейін, ресми некелесіп қойған жарымен дүркіретіп той жасамақ ниетін білдіргенді. Тек, бұл той бірнеше рет кейінге шегірілді. Бұның себебі серінің қатты күйзеліске түсуі болған екен. Джастин тіпті өмірден түңілген сәттерінде өз-өзіне қол салуға дейін барғанын жасырмайды.