Billboard 200! Тейлор Свифт рекорд иегері!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тейлор Свифт рекорд иегері! Әнші өзінің жинағымен алтыншы мәрте «Billboard» тізімінің көшін бастаған музыкант атанды. Оның су жаңа «Lover» альбомы бір аптаның ішінде 867 мың данамен таралып, тыңдалымы жағынан топ жаруда.

«Lover» яғни, «сүйіктім» атты туынды Тейлордың жарық көрген жетінші жұмысы. 18 тректен тұратын альбомның әр әні бүгінде АҚШ пен Ұлыбританияның музыкалық чарттарының үздіктері.

Есесіне, Тейлорға дейін «Billboard»-тың біріншісі болған «Young Thug» -қа екінші орынға жайғасуға тура келді. Десе де, рэпер үшін мұның өзі жаман көрсеткіш емес. Себебі, «So Much Fun» хип-хоп орындаушының алғашқы альбомы. Осылайша, Young тырнақалды туындысымен ең сатылымы жоғары тректер қатарында.

Лас Вегастан сәлем жолдаған Лайонел Ричи болса, бұл тізімде үшінші! Атағы Майкл Джексонмен пара-пар майталман муызканттың «Hello From Las Vegas» жинағын халық таласа тыңдауда. Соған қарағанда, поп орындаушының әуезді әндерін көпшілік сағынса керек!