Жол апатына ұшыраған Сиви Махмудидың қазіргі жағдайы қалай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ауыр апаттан кейін әнші неге ауруханада жатудан бас тартты?

Алматы көшелерінің бірінде жол апатына ұшырағынын, әншінің өзі мейлінше жасырып қалуды қалағанды. Тек, оқиға орнынан табылған куәгерлер сау тамтығы қалмаған көлікті бейнетаспаға түсіріп, ақпаратты таратып жіберген.

Әуесқой түсірілімнен байқағанымыз қымбат маркалы көлік Сивиге тиесілі. О баста, кімнің кінәлі екені белгісіз еді. Тек, Махмудидың «екі қолы сынған, миы шайқалды» деген қауесет сөздер әлеуметтік желіде есіп кеткен болатын.

Ренат Баситов:

Досым, барлық жамандық осымен кетсін, Алла шипасын берсін!

Махмудидің талай туындысында төбе көрсеткен жақын досы, «Азия» тобының мүшесі Ренат Баситов та үнсіз. Таныс жағдайды бастан өткерген ол, тек жоғарыдағы жазбаларымен шектеліпті. Есесіне, журналист Асхат Садырбай Сивидің жағдайын сұрап, барлық ақпаратты біліп отыр.

Асхат Садырбай, журналист, Сиви Махмудидің досы

-Анасы Анара ханыммен сөйлестім. Барлығы дұрыс, қолы сынбаған. Тек бұғанасы шығып кетіпті, иыққа киетін тағып жүр екен. Үйде дәрігерлердің қарауында. Өтірік ақпарат қажет емес.

Ал танымал журанлист Асхат Садырбай кәсібилігіне салынып, елді дәйексіз ақпараттарға сенбеуіне шақырды. Сивидің қазіргі жағдайы қалыпты. Өз үйінде жатқанымен, жеке дәрігері денсаулығын жіті бақылап отыр.