Луинаның неке қию салтанатына әзірлігі қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, тележүргізуші:

Биылғы жаз жұлдыздар қауымы үшін жемісті болғандай! Айдана Меденова айыр қалпақты ағайындармен бірігіп бейнебаян таспаласа, Нұржан Керменбаевтың қоржыны орыс тіліндегі əнмен толықты. Ең сұлу қалыңдықтардың бірі - Луина той қамына қызу кіріскен. Сонымен, бұл жаз шоу-бизнес өкілдері үшін несімен ерекше болды? Қазір анықтаймыз!

Алғаш боп, камера обьективіне Айдана Меденова ілікті. Әнші ару жаз «жемісті» болды дейді.

Айдана Меденова, әнші

- Осы жаз қандай оқиғалармен ерекше болды?

– Жалпы осы жаз ерекше тез өткен сияқты. Ең ерекшесі, осы жазда балаларсыз бірінші рет отдыхқа бардық. Күйеуіміз екеуіміз. Жақсы демалдық. Әрине, сағындық балаларымызды. Бірақ жақсы демалып, жұмысқа кірісейік деп жатырмыз.Жақында жаңа бейнебаян күтіңіздер.

– Қандай бейнебаян? Айтып берсеңіз толығырақ?

– Жақында жаңа бейнебаян шығады, екі дуэт. Бірі Серік Гамза-Заде деген әншімен қазақстандық және Анджелика деген Қырғызстанның әншісімен. Өте әдемі бейнеклип шығады деп ойлаймын және сіздерге ұнайды деп ойлаймын.

Луина үшін – бұл ұмытылмас жаз. Әнші сүйіктісінің жүрегі мен жүзігін қабылдап, қалыңдық атанды.

Луина, әнші:

- Луина, осы жаз шығармашылықта да, жеке өмірде де жемісті болған сияқты. Тіпті, демалып та келдіңіз, Қалай өтті демалыс?

– Керемет демалдық. Әдеттегідей десем де болады. Біз тіпті, одан бөлек екінші демалысымызға барып үлгердік. Өзіміз үшін жаңа мемлекет, өзбек ағайындарға барып келдік. Қысқасы, әрдайым керемет демаламыз.

– Махаббат жайлы айтсақ. Ең қуанышты күнге дайындалып жатыр екенсіз. Есімде, бір сұхбатыңызда дүркіретіп жасамаймын деп едіңіз тойыңызды. Ол қалай болғаны?

– Иә, басында той өткізбейміз деп ойладық. Кейіннен, болашақ күйеуіммен ақылдаса келе, той көйлегін кигенім дұрыс болады деп шештім. Оның үстіне, құрбыларым да солай деді. Кейіннен, естелікке кішігірім неке қию салтанатын жасамақ болдық. Бірақ мұны естіген досым Жан Мұқанов, өзінің ұйымдастыруымен еуропалық стильде той жасап беруді ұсынды.

- Көйлекті қай дизайнерден ұсыныс жасадыңыз?

– Ол әзірге құпия. Бірақ айтарым, ол отандық дизайнер емес. Бірақ, нақты көйлекті таңдап қойдым. Ол өте әдемі, келген қонақтардың барлығына ұнауы тиіс. Қыздар тіпті жылап та қалуы мүмкін дер едім. Әрине, әр қалыңдық әдемі, бірақ бұл көйлек өте ерекше.

Олай болса, Луинаға тойда кездескенше дейміз. Әнші арумен салыстырғанда, Мадмэндық мемберлер, отау құруға әлі асықпайды.

«Mad Men» тобы:

Q-поп әлемінде қандай өзгерістер болып жатқанын білейік. Жігіттер, сіздер не бітіріп жатырсыздар?

– Бүгін ба?

– Бүгін емес жалпы.

– Жазда біз біраз тыныштыққа кетіп қалдық. Жазда біз камбэк шығару керек болғанбыз. Бірақ та жоспарға сыймай, жұмыс көп болып кетті. Біз оны осы қыркүйек айына ауыстырып жібердік.

Иә, байқадым. Үлкен алаңдардан сирек көріндіңіздер. Енді, көрермен сіздерден не күтуі керек?

– Не күтуі керек?

– Иә. Камбэкте не болады?

– Iыны керек осы жаз бір септігін тигізді, біздің шығармашылығымызға, түсінігімізге. Біздің жұмысымызға деген сияқты. Үлкен үлкен өзгерістер болады деп ойлаймын.

– Жалпы осы жазда демалдыңыздар ма?

-Жоқ. Не бітірдңіздер?

– Жазда біз альбом, альбомға дайындалып жатырмыз.