Әнші Қарақат Әбілдина бұл жолы қазақи сәукелесін ақ фатаға ауыстырды.

Сообщить о проблеме с эфиром

 

- Осыдан 20 жыл бұрын біздің үлкен тойымыз болған, міне сол той жалғасып жатыр Құдайға шүкір, керемет!

Өткен айда екінші қайтара ақ фата тағып, Бурабай баурайында өз сүйіктісі Қыдырәлі Болмановпен кішігірім үйлену тойын жасаған еді. Басты себеп биыл отауласқандарына 20 жыл!

Қыдырәлі Болманов, Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі

- Мақсат – шүкіршілік, 20 жылдай отбасын құрдық. Оның сыртында 4-5 жыл оның алдында жүрдік. 25 жылдай бірге келе жатқан, бұл үлкен бақыт Алланың берген.

Қарақат Әбілдина, әнші

- 20 жылдығымызды әдемі атап өттік. Ұлдарымызға, балаларымызға ерекше ұнады. Сіздер қайтадан үйленейін деп жатырсыздар ма деп? Қобалжып, толқып, біз не істейміз деп. Неке сарайында бізде куәгерлер болса, осы жолы сендер куәгер боласыңдар десек «жарайды» деп

Қыдырәлінің Қақатының қазақи болмысына көрерменнің үйреніп қалғаны соншалық, сынға ілікті. Әсіресе, бес баласына«махаббаттан жаралған» деген жазуы бар кеудеше кигізіп қойғаны көпшілікке ерсі көрінген. Үлгілі отбасының бұл тойларын өнердегі әріптестері өздерінше бағалады.

Толқын Забирова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

- Ол енді міндетті емес қой қайтадан фата кию. Оларға жарасып тұр, әр отбасы өз шешімінде өздерінде. Мен кие алмаймын екінші рет фатаны. Бірақ, ол әдемі көрінеді, мен ол туралы әлі ойланғаным жоқ.

4 ұлымен қыздары Аяланың куәлігімен өткен той – жақсылықтың бастамасы дейді жұлдызды жұп.

Қарақат Әбілдина, әнші

- Әдетте біз кез-келген отбасылық мерекені бейжай қарамаймыз. Біз ол күнді ерекше қылып атап өтуге тырысамыз, себебі ол бізге тікелей қатысты күн.