Мистикаға толы спектакль! Ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған қойылымның авторы Айнұр Көпбасароваға аян берген кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрсұлтан Есжан, тележүргізуші

- Шыншыл да сыршыл өлеңдерімен халықтың жүрегіне жол тапқан қайталанбас дарын иесі – Фариза Оңғарсынованың дүниеге келгеніне биыл 80 жыл. Ақынның құрметіне "Фариза" спектаклінің премьерасы қойылып жатыр. Мен де, бүгін туындыны алғашқылардың бірі болып тамашалақпын.

Поэзия падишасына арналған қойылым заманауи техника қолданылуымен ерекше. Ал, айтылар ойға сай сахналық безендіру мен композитор Ренат Гайсин жазған музыка да көпшілік көңілін дөп басқандай.

Айнұр Көпбасарова, продюсер:

– Айнұр ханым, «Фариза» спектаклінің идея авторы өзіңіз екенін білеміз. Дей тұрғанмен, ірі көлемді халықаралық жобаралдың ұйымдастырушысы ретінде сізді танимыз. Спектакльге келуіңізге не себеп?

- Осындай киелі сахнаның төрінде осындай қойылым жасаймын деген, үш ұйықтасам түсіме кірмеген болатын. Бірақ, Алланың қалауымен, Фариза апаның әруағына бағыштап, 16-шы жылы ойыма түсіріп, есіме алып, жобаны құрастыра бастадық. Негізі бұл жоба менің түсіме кірген жоба. Сондықтан, бір мистикалық жоба. Пьеса жазылмай тұрған кезде мен біздің атақты драматург қазақтың ұлы тұлғалы қыздарының бірі Роза Мұқановаға ұсынған кезде кейіпкер ретінде Лейло Бекназар мен Назгүл Қарабалинаны ұсынған болатын. Сондықтан, сол екі персонажға арнайы, солардың характерларына келтіріліп жазылды.

– Сізді шын жүректен құттықтаймын. Фариза шетелге шығады ма?

- Шығады. Біз соны шығаруға жұмыс жасаймыз. Алла жазса, современник театрында Мәскеуде, Ресейде Иманғали Нұрғалиұлының қолдауымен бұл қойылым қойылады.

Қойылым соңында, ақынның өлеңдері басылған ақ парақтар жаңбырдай себелеп, кешті әсерлендіре түсті. Спектакльді тамашалаған өнер өкілдері де, сезімге ерік берген көрінеді.

Тамара Асар, әнші:

– Тамара ханым, жүрек тебірентерлік керемет спектакль болған сияқты. Сіздің ойыңызды, пікіріңізді білсек.

- Шынын айтқанда, пікір айтатын жағдайға жете алмай қалдым. Әншейінде, бірнәрсе кем болғанда, бір сорпаның қайнауы кем болғанда бірнәрсені айтасың ғой. Бұл жерде бәрі толық орнымен.

– Алып қосарыңыз жоқ.

- Алып қосарым жоқ, Фариза мәңгі тірі. Бұл менің апам. Өмірінің соңғы сәттеріне дейін мен сырлас болдым. Фариза деген символика, Фариза деген әйел. Ол биік тұлға, ол жай ғана әйелдікті алысқа үйге тастап кететін.

- Сол кісінің бағыт-бағдарын алып, ақыл-кеңесін тыңдап, үйінен дәм татқан сіз бақыттысыз.

- Маған айтқаны, мен жүрген жолмен жүрсең де, мен ұстанған қағиданы сен ұстанба деген. Сондықтан, ақындыққа мойын бұрғызған, ақындықты әйелдіктен биік қойған Фариза мәңгі.

Мадина Сәдуақасова, әнші:

– Мадина, өзіңіз айтпақшы, керемет музыкалы спектакльдің куәгері болдық. Ойңызды білейікші.

- Енді, бұл спектакльде барлығы керемет болды. Музыка да, қойылым да, актерлардың ойыны да, сценарий де, сөздері де, енді барлығы-барлығы Фариза апамыздың ішкі жан дүниесін білген жандардың бір іші бір қопарылған шығар. Өйткені, нағыз Фариза апамыздың тебіренісін, толқынысын жеткізген сияқты. Сондықтан мен өте қуаныштымын. Мен тағы да келем.

Нұрсұлтан Есжан, тележүргізуші

Расымен, керемет жан тебірентерлік спектакльдің куәсі болдық. Фариза Оңғарсынованы сағынған жандардың барлығы ақынды осы кештен тапты деп білемін. Ақынның сөзі өлмейді деген рас-ау шіркін. Бүгінгі қойылым, сол сөздің дәлелі болды.