NEW YORK FASHION WEEK мейманы – әнші Инди Еділбаева!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нью – Йорк сән апталығы биыл өткенге саяхатқа негізделгендей. Мәселен, Ralph Lauren ретро рух айрықша сезілетін подиум жасаған. Нақтырақ айтсақ, бұл сән сахнасы емес, 70-ші жылдардағы қымбат мейрамханаларды еске салғандай! Джиджи Хадид шымылдығын түріп, Белла, Тейлор Хилл, Джоан Смоллс сынды сәнбикелер дифеле құрған көрсетілімнен шабыт алмағандар кемде-кем! Ральф Лорен күз-қыс маусымында пиджактар мен смокингтерді көбірек киюге кеңес береді. Tommy Hilfiger-дің коллекциясы да, оның таныстырылымы да өткен күндердің сағымы іспетті. Қуыршақ келбет модельдер мен плюс сайз сәнбикелерд қатар шығаруымен ерекшеленген шоу болды.

Кендалл Дженнер - сәнбике

- Биылғы NYFW-тің атмосферасы ерекше. Ерекше шабыт сыйлайды. Қай подиумда жұмыс істесем де, маған ыңғайлы, жүрегіме жақын дүниелер болуы керек. Бұл алаң дәл сондай дер едім. Жыртық джинсы, аманзонкаларға арналған киімдер мен көше стилі! Бастысы Ирина Шейк, Грейс Элизабет, Ясмин Вейналдум және Кэндис Свейнпол сынды ТОП сәнбикелер ғана таныстырған топтама! Әдетте, кешкі көйлектерге басымдық беретін Brandon Maxwell бұл жолы күнделікті кэжуал киімдерді ұсынды. NYFW-тегі сәнқойлар арасынан отандық әнші Инди Еділбаева да табылды. Сылқым, әлемге әйгілі брендтердің топтамаларының таныстырылуын тамашалап қана қоймай, сән әлемінің атағы жарты әлемге мәшһр тұлғалары мен таныстық орнатып жатыр. Сірә, сахнаны подиумға алмастыру ойы болса керек.