Баян Алагөзова мен Ермек Тұрсынов ашық айқасқа түсті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ермек Тұрсынов пен Баян Алагөзованың арасында ашық айқас! Даудың басы режиссердің фейсбук желісіндегі парақшасында жазған постынан басталып отыр. Онда киногер өнер мен қоғам мәселелері жайлы айта келіп, Мақсатқызын мысал ретінде тілге тиек еткен.

Баян Есентаева, Қайрат Нұртас, Төреәлі т.б. бүгінгі мәдениеттің салмақты өкілдеріне айналды. Мәдениеттің бетке ұстарлары осылар болса, біздің қандай ұлт болғанымыз?

Бұған дейін де, Тұрсынов мырза Алагөзова бастаған өнер өкілдерін, киноға бет бұрғаны үшін қатаң сынның астына алған еді.

Ермек Тұрсынов, режиссер

- Тек жалқау ғана кино түсірмейтін болды біздерде. Бәрі киноға ауып кетті. Бұл кино емес, бұл жай ғана мазақ. Мұны америкалықтар «entertainment» дейді. Біреулерге ермек, біреулер ақша қуалап жүреді. Оңай ақша деп. Көрерменнің надандығын біле отырып, қалталарын ақтарып отырады. Меніңше бұл өте қауіпті нәрсе. Мәдениетімізді төмендетіп, санамызды бұзады.

Мұндай айыптауларды Алагөзова ханым тыңдауға құлықсыз! Жеке басына тіл тигені сол-ақ еді, атышулы продюсер де Тұрсыновқа жауап жазуды жөн көрді.

Баян Алагөзова:

"Мені бүкіл халықтың басты деграданты деп атағаныңыз қандай мәртебе! Тұрсынов мырза, сіз менің ар-намысым мен қадір-қасиетіме ұзақ жылдар бойына нұқсан келтірдіңіз. Сізге қояр сұрағым бар. Сізде "кішкентай мүше" синдромы бар ма? Менімен және менің жұмысыммен күресуден жалықпадыңыз ба?

Баянның бұл постының астына, жұлдыздар түрлі жазбаларды жаудыра жөнелді.

Бұл Тұрсыновтың Алагузоваға алғаш рет шүйлігуі емес. «Баян жазушыға айналса, мен онда өзімді архиепископ дер едім» - деп мәлімдеме де жасаған еді.