Нұрғали Нүсіпжанов үйлену тойынан соң алғаш рет үлкен сахнаға шықты

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл санаулы күндер бұрын ғаламторды жайлаған Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз бен Жадыра Сейдештің жаңа видеосы. Бейнероликте ерлі-зайыптылар еліміздің шипажайларының бірінде демалыста жүр.

Ал, мына кадрлар күні кеше таспаға тартылған. Шипажайдан тынығып қайтқан Нұрғали ағамыз, «Қазақ концертте» жанды дауыста ән салуға дайындалып жүр. Бірақ, халық әртісі сол күйі сұхбат бергісі жоқ.

Ал, танымал нумеролог Айсұлу Ахимова, Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдештің некесіне қатысты өз болжамын жасады.

Айсұлу Ахимова, нумеролог

- Бұл некенің астарында не бар?! Бір жағынан ақылмен, екінші жағынан есеппен қосылған жұп. Екеуіне де қуат алатын адам қажет болған сыңайлы. Жалпы өмірде адамдар энергия арқылы қосылады ғой. Ал, бұл жағдайда екі жақта да есеп бар, әрине жас ерекшелігіне байланысты таң қалдық.

Танымал нумеролог Жадыра Сейдештің екінші рет тұрмысқа шығуы да мүмкін дейді. Туған күні, айы мен жылын есептеп сондай ұйғарымға келді.

Айсұлу Ахимова, Нумеролог

- Жадыра екінші мәрте тұрмыс құруы әбден мүмкін. Ал, бұл жұптың сәби сүйгісі келеді деген қауесетке байланысты айтарым, білмеймін енді, сандарға қарап күмәнданып отырмын.

Сандарды сөйлетіп, кез-келген жанның тағдырын нумерология арқылы көретін маман - сөзі де, ісі де ширақ Нұрғали ағамыз әлі де ұзақ жасайтынына сенімді.