Рианна жүкті ме? Сәбиінің әкесі кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық әнші Рианна «New York Fashion Week» - те таныстырған «Savage x fenty» ішкиімдер топтамасының көрсетілімін түйіндеді. Сән апталығының соңғы нүктесін «Diamond Ball» кешімен қойды.

Осымен 5-ші жыл қатарынан Риридің ұйымдастырумен болатын баллда жұлдызды меймандар толы. Әншіні Cardi B жұбайы Offsett-пен , A$AP Rocky және Dj Khaled сынды өнердегі әріптестері қолдап келген-ді. Ал, кеш қонақтарын тосын сый күтіп тұрса керек. Себебі, барбадостық әнші алғаш рет өзінінің жүкті екенін көрсетті.

Айтулы кеште «Givenchy»-дің қара көйлегін таңдаған Рианнаның жаңалығы көпті таңқалдырғандай. Бұл ақпарат әп-сәтте твиттерде қызу талқыға түсіп, әншінің жанкүйерлері бірден шулай кетті.

Алайда кеште сылқымның сүйіктісі төбе көрсетпеді. 2 жылдан бері араб миллиардері Хассан Джамильмен көңіл қосып жүрген бикеш, ғашығымен қарым-қатынасын барынша құпия ұстайды. Рианна тіпті тұңғышына аяғы ауыр екенін БАҚ өкілдеріне ресми түрде мәлімдеген жоқ. Есісіне, «Diamond Ball»-дың маңыздылығын айтуға келгенде, тосылып қалмады.

Рианна, әнші:

- Бүгінгі кештің маған артар жауапкершілігі үлкен. Жылдан жылға осы шарамның ауқымы ұлғайғанына мен қатты қуанамын. Қайырымдылық үшін асығатын жандардың көбейіп жатқаны маңызды емес пе?!

Ал, «Diamond Ball»-дан түскен бар қаржы, білім мен медицина бағытындағы жобаларды қолдау мақсатында жұмсалады.