Әнші Пинк R&B орындаушы Khalid-пен бірлесе су жаңа бейнебаян ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сезімге толы, әсерлі «Hurts 2B Human» туындысында жақынын жоғалтқан жандардың тебіренісі көрсетілген. Еске салсақ, композиция әншінің сегізінші «Hurts 2B Human» атты студиялық альбомына енген. Аталмыш жинақ биыл, 26 сәуірде жарық көрген болатын.

Ерек дуэт құрып, тыңдармандардың жүрегін жаулаған жалғыз Пинк емес! Алиша Киз бен Мигель «Show Me Love» әніне бейнебаян таспалады. Әнші арудың айтуынша, видео арнайы бір жоба үшін таспаланған. Алайда, қандай туынды екенін, өнерпаз әзірге құпияда ұстауда.

Америкалық «Dreamville» рэп ұжымында да жап-жаңа бейнебаян! Топтың бұл туынысының дүниеге келуіне Айсұлтан Сейітовтың өзі көмектескен еді. Отандасымыз режиссерлік еткен клипте сондай-ақ, J.Cole және жас жұлдыздар DaBaby мен Lute қатысқан. Еске салсақ, Сейтов J.Cole-мен бұған дейін де бірге жұмыс істеген еді.