Луина тұрмысқа шығып, теңдессіз неке қию салтанатын өткізіп жатыр

Сообщить о проблеме с эфиром

Жания Джуринская, Мақпал Исабекова, Анара Батырхан! Луинаның қуанышты күнінде, дәл осы үш ару «қыз жолдастық» қызметті атқаруға міндеттелген-ді. Қалыңдықтың өзі болса, дайындықты ертеден бастап кетсе, күйеу жолдас фотоссесия қамына кіріскен.

Болашақ жары ұсыныс білдергеннен кейін, Луина неке көйлегім таңдауды бастап кеткен еді. Әнші, қуанышты күнінде «ең әдемі» болуы үшін шетелдік диазайнердің көмегіне жүгініп, қалтасын біраз жұқартуға да дайын болды.

Луина, әнші:

-Көйлегім отандық диазйнердікі емес. Образымды алдын-ала таңдап қойғам. Ол өте әдемі, барлық қыздарға ұнауы тиіс. Әрине, әрбір қалыңдық әдемі болады ғой. Десе де, бұл көйлек басқалардан мүлде бөлек, өте ерекше.

Осылайша, Луина шетелдік құрбыларынан мейлінше кем түспеуге тырысқандай. Мәселен, жуырда ғана Федор Бондарчуктың «қалыңдығы» атанған Паулина Андреева 2 млн теңгелік неке көйлегін киген еді.

Ал, Богомолов пен Собчак 15 миллион рубль, яғни 90 миллион теңгеге той жасап, елді шулатты. Бұл күні Ксения бір емес, қатарынан бірнеше көйлек ауыстырып үлгерді.