Отыздан асқан шоу-бизнестегі арулар неге тұрмысқа шыққысы келмейді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әсел Садуақасова, Мақпал Исабекова, Анара Батырхан, Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева, Құралай Анарбекова, Жания Джуринская. Аталған сылқымдардың жүзі мен тірлігіне қарап, «отырған» деп айта алмайсыз, аузыңыз бармайды.

Түрі, дене бітімі, айтқан сөзі мен көзі кез-келген жігітті баурап алары анық. Тіпті, ел қызығарлық қалыңдықтарға жатқызуға болады. Бүгін қалыңдық көйлегін киіп, 31 жасында Луина «кәрі қыздардың» қатарын сиретіп жатқанда, өзге құрбылары асықпайтын сыңайлы.

Мақпал Исабекова, әнші:

-Личная жизнь она как бы моя своя и она никого не касается.

Кәмшат Жолдыбаева, әнші:

- Нет, давайте не буду отвечать.

Ал сахнадағы әпкелері, «қазақ өнерінің бұлбұлы» - атанған Бибігүл Төлегенова бұндай жағдайда дабыл қағу керек дейді. Себебі, қазір 21 ғасырдың қыздары отбасынан гөрі мәнсабын жоғары қояды деген ұстанымда.

Бибігүл Төлегенова, Халық әртісі:

-Қыз баланы ертерек, өйтпесе кейін ол күйеуге шыққан қиын болады. Ерке болып өскен қыздар, ерке боламын деп жынды болған сонда болады.

Бибігүл Ахметқызын Жанна Орынбасарова да қолдап отыр. «Жақсы жігіт жоқ» деп, өзін-өзі алдаудың да қажеті жоқ дейді алдыңғы буын.

-Жанна Орынбасарова, әнші:

Қазір өмір басқа ғой. Мысалы, қазір ажырасып кеткендер қайта екінші рет, үшінші рет күйеуге шығып, оданда жақсы шығып жатқандар бар. Ода тұрған несі бар? Олардың бағы да ашылып кетіп жатыр.

Енді, шоу-бизнестегі табысты қыздар әпкелерінің кеңестерін тыңдап, нәтижесін шығарады деп сенейік!