500 мың теңгелік сөмке, әркімнің қалтасы көтере бермейтін қымбат костюм! Жұлдыздар әсем көрінуі үшін қанша қаражат жұмсайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Теледидардың арғы бетінде жұлдыздай жарқыраған өнер өкілдері, өмірде де сәнді көрінуге құлықты. Әртістер үшін әсіресе, бомонд бас қосқан кештер – талғаммен таңдалған киімдерін көрсетуге үлкен мүмкіндік. Жалпы, шоу-бизнес өкілдерінің бір образы қанша тұрады?

Айсара Бисенова, тілші:

- Енді осындай премьераларға қанша ақша жұмсайсыз киіну үшін?

Аида Кәуменова, дизайзнер:

- Мен тікелей жұмыстан келе жатырмын, киінгенім енді өзімнің топтамаларымнан киімді аламын.

– Ал, қазіргі образыңызды қаншаға бағалайтын едіңіз? Сумкаңызды көріп тұрмын өте керемет. Өзіңіздің коллекциядан емес сияқты.

– Иә енді, аяқ киімім, сумкалар ол деген енді, а мен ойлаймын анандай брендовый болу керек.

– Мынау 500 мыңнан арзан болмайды.

– Иә, бірақ сол бір жылдың ішінде осындай сумканы алып алуға тырысамын, өйткені ол күйеуімнің аа қалай еді падарок.

– Не деген керемет күйеу.

– Жоқ,. сондай жаңа жылдың алдында маған сыйлаған, бірақ ол менің туылған күніме, сол басқа нәрселерге арналған сол бір подарок.

– Жарайды, рахмет. Я детка на миллион дейсіз ғой?

– Детка на миллион.

Айсара Бисенова, тілші:

- Осындай премьераларға қалай дайындаласыз, бүгін қалай дайындалдыңыз?

Мадина Садуақасова, әнші:

- Енді, барлығы білмеймін неге екенін, мені бір сондай бүгін қарапайым деп айтуға болады. Киімімді соншалықты енді комплимент жаудырып жатыр барлығы, енді мен, шынымды айтайын енді аса қатты дайындалдым деп айта алмаймын.

– Шыны керек енді ең қымбат брендтің киімін киіп тұрған сияқты болып көрініп тұрсыз.

– Енді ол олай емес, өйткені бұл жерде көп сәнқой қыздар бар. +Жалпы біздің қазақтың қыздары өте сұлу, көрікті, қандай киім кисе де жарасады. Өзіңіз де сондай құлпырып тұрсыз.

Осылайша, Сәдуақасова ханым, сұрақтан сытылып, жауаптан жалтаруға тырысты. Бұған себеп, киімдерінің жаға ұстатар қымбат бағасы болса керек.

Есесіне, Гүлназ Жоланова сәнге келгенде тым қарапайым. Актриса масс-маркетті де місе тұтады.

Айсара Бисенова, тілші:

– Образыңыз туралы айтып берсеңіз?

Гүлназ Жоланова, актриса:

– 15 минутта қолыма не түсті, шкафта нені көрдім соны ойланбай киіп келгенмін, егер сұрайтын болсаңдар, басқаша киініп келетін едім.

– Қазіргі образыңызды қаншаға бағалайтын едіңіз?

– По 5 балльной шкале?

- Неет по сумме от 10 000 до 100 000.

– Ойй айтуға болмайды.

– Неге?

– Енді 100 000-ға дейін болса 100 000 болсын.

– 100 000-ға, асады-ау дим соған қарағанда.

Кеш қонақтары арасынан Жандос Айбасовты да көзіміз шалды. Шырттай киінген актердың стиліне тоқталып кетпеу, айып болар.

Жандос Айбасов, актер, каскадер:

– Күшті киініп келіпсіз бүгін премьераға, костюмыңыз енді, айтып берсеңіз, қандай бренд?

– Бұл, біздің жігіттер жасайды.

– Қымбат па?

– Қымбат.

Қымбат үлгілерге таңдау түсіретінін жеткізген Айбасовтың, соған сай қаламақысы да көп болуы керек.