Режиссерлар актерларға қандай талап қояды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Толықметрі туындыда басты рөлді сомдау әр киногердің арманы. Ол үшін актерлар қауымы түрлі жанкештілікке әзір. Режиссер Асқар Бисембиннің айтуынша «фильмге түсір» деп оны жағалайтындар көп көрінеді.

Асқар Бисембин, режиссер:

– Бізде барлығы ойлайды түрім әдемі болса болды деп. Әсіресе қыздар қауымы. Маған келіп: «Мен сұлумын мені басты рөлге ал» дейтіндер де бар. Менің оларға айтарым, әдемі болсаң кино емес, журналдың фотосессиясына қатыссын.

Дәл осылай деген Бисембин қандай талап бойынша актерларды фильміне басты рөлге бекітетінін айтып берді.

Асқар Бисембин, режиссер:

- Ең бастысы талантың болуы керек. Мен үшін сондай-ақ маңыздысы тәжірбие. Көбісі айтып жатады, тәжірбиені қайдан аламыз деп. Бірақ ол менің мәселем емес қой. Сондықтан жастайынан түрлі прокеттерге қатысуы тиіс.

Асқар Ұзабаев та әріптесінің сөздерімен толықтай қосылады. Бірақ режиссер өзінің сүйікті актерлары бар екенін мойындайды.

Асқар Ұзабаев, режиссер:

- Менің фильмдерімнің көбінде Әбунасыр Серіков бой көрсетеді. Ол кісіні әрдайым түсірілім алаңынан көргім келеді, әсіресе комедиялардан. Әбекемен жұмыс істеудің өзі бір ғанибет.

Әбунасыр Серіковтың соңғы кездері сұраныстағы актерлар қатарында екені көпке мәлім. Киногер бұл жетістігінің сырымен бөлісті. Өнер иесі ең басты талап, режиссерлардың айтқынын бұлжытпай орындау тиіс деп отыр.

Әбунасыр Серіков, актер:

- Бәрі қызба, бәрі. Себебі ол пенде болғаннан кейін қызба болады ғой. Оның өзінің көзқарасы болады. Сценарийді оқығанда ол былай көреді. Мысалы, мен сценарийді оқығанда былай көремін. Сондықтан барлық режиссер қызба.

Әбунасыр Серіков сынды, отандық режиссердің өз сүйікті актерлары жетерлік. Мәселен, Әділхан Ержановтың әр фильмінен Данияр Алышнов пен Динара Бақтыбаеваны байқай алсаңыз, Нұрлан Қоянбаев Жан Байжанбаев пен Гүлназ Жолановамен жұмыс істеуді жөн көреді. Сондай-ақ, Нұртас Адамбайдың да өз командасы бар.