Ауылдан арман қуып келген жастарды Алматы қалай қарсы алды?

Сообщить о проблеме с эфиром

21 жастағы танымал блогер Разиюшаның Алматы қаласына қоныс аударғанына көп бола қоймаған. Десе де, Кузеева оңтүстік астанаға көшуді бұрыннан армандаған екен. Бүгінде ол үлкен шаһарға келіп, жұлдызды әріптестерімен коллаборация жасап, шығармашылығын дамытуда.

Разия Кузеева, блогер:

– Негізі Алматыға келу ол менің арманым болған. Себебі, Алмата это город возможности. Алматыда бүкіл нәрсе бар, все что ты хочешь. Ана жақта Серік Ибрагимов өлең айтып жатыр например, ешқашан ойламаппын. И бұл Алматыда болып жатыр, ойлаңдаршы. Жезқазғанда мұндай болмайтын еді.

Ал Серік Ибрагимовтың оңтүстік астанаға қоныс аударғанына 10 жылдан астам уақыт өткен. Әнші осы уақыт аралығында Алматыда талай рет үлкен концерт ұйымдастырып, бірнеше клип таспалап, халықтың ыстық ықыласына ие болды.

Серік Ибрагимов, әнші:

– Ой Алматы деген... Мен келгеніме 10 жылдан асып кетті. 12 жылдай болып қалды. Өте ыстық. «Алматы ең алғашқы махаббатым».

Әнші Ayree-дың туған жері шығыс өңірі болса да, ол өскен ортасы оңтүстік астана – Алматыны ерекше жақсы көреді. Тіпті, бұл шаһарды «нағыз өзімнің қалам» деп айта аламын дейді.

Ayree, әнші:

– Бес жасымнан бастап осы Алматы қаласында тұрамын. Сондықтан әрине де жаныма өте ыстық қала, сүйікті қалам, туған қалам деп айтуға болады.