Дулыға Ақмолда неліктен шетелдік кинопродюсерлердің шақыртуынан бас тартты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Назар салған адамды сендіріп, көргеніне иландырып ойнайтын – Дулыға Ақмолданы жұрт соңғы уақытта, басбұзар, бандиттың образында жиі байқайды. «Штамп қалып қояды деп қорықпайсыз ба?» - деген сұраққа актердің берген жауабы келесідей:

Дулыға Ақмолда, актер:

– Актер болғаннан кейін барлық жанрды, көп салалы актер болуға тырысу керек енді. Жан жақты іздену керек. Әрқашанда мен өз рөлімнің адвокатымын. Енді жастармен де жұмыс істеу керек. Бандитты да ойнау керек актер болғаннан кейін.

Дулыға мырзаның іріктеуінен өтіп, көңіліне ілігетін туындылар сирек екен. Бір қызығы актердің қоятын талаптары қарапайым. «Соның өзінен өтпей қалып жатады», - дейді ол.

Дулыға Ақмолда, актер:

– Енді келіспеген рөлдерім болды. Мен біріншіден фильмге түсер алдында, міндетті түрде сценарийды оқимын. Одан кейін режиссермен кездесу. Режиссердің ойын түсінуге тырысамын. Егерде өзіме жат рөлдер болатын болса, егерде сценарийдың дәрежесі көңілімнен шықпай тұратын болса, мен көп фильмдерден бас тартамын.

Актердің атағы бүгінде ТМД-ға әйгі. Түсіп жатқан шақыртулар мен ұсыныстар да жетерлік. Бірақ Дулыға Ақмолда бәрінен бас тартып отыр. Себебі:

Дулыға Ақмолда, актер:

– Бір-екі рет ұсыныс болды. Бірақ мен ағылшын тілін меңгермегендіктен, өзімді де қинағым келмейді. Басқа жұртты да қинағым келмейді.

Басқа елге баруға келісіп бермегенімен, бірақ болашақта актерді отандық талай туындыда, жаңа образда көретініміз сөзсіз.